11 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    “Қатты шыңғырып жіберді, бәрі естіді” Ақтөбеде дәрігерлер дені сау келіншекті өлтірді деп айыпталуда

    Ақтөбеде дәрігерлер дені сау келіншекті өлтірді деп айыпталуда. Медициналық орталыққа келіншек жұбайымен барған екен, деп хабарлайды Qazweek.kz  ақпараттық агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

    20 жастағы Гүлдана Нұрмағанбетова «Әлия» медициналық орталығына өз аяғымен барған.

    «Үйленгенімізге бар болғаны 1,5 жыл. Балалы болуды армандадық. Келіншегім сегіз ай бойы «Әлия» жеке клиникасына қаралып жүрді. Ақтөбедегі ең жақсы, ең қымбат әрі сенімді деп таңдадық. Емге ақша аяған жоқпыз. Жатырына салқын тиген екен, трубкасын тазалау процесінде еді. Сол күні бірінші сол жақ жамбасына дәрі екті. Бәрі содан басталды. Жамбасына дәрі салғаннан кейін ол дәлізде аяғын сілтіп басып жүрді. Кейін оны ішке алып кетті.

    Бес минуттан кейін әйелім қатты шыңғырып жіберді. Оның даусын емханадағы адамның бәрі естіді. Төрт рет шыңғырды. Даусы сондай аянышты болды, жан алып жатқандай… Дәрігерлер тоқтаған жоқ. Соңында әйелім әлсіреп, құлап есін жоғалтқан. Оның құлағанын естідім, бірақ мені ішке кіргізген жоқ. Бір дәрігер дәріге аллергия бергенін, екіншісі жүрегі ұстағанын айтты», – дейді марқұмның жолдасы Айдос Нұрмағанбетов.

    Келіншегінің қасына еріп келген жолдасының сөзінше, әйелінің өлімі туралы дәрігерлер екі сағат өткен соң ғана айтыпты.

    Туыстары кінәліларды жазаға тартуды талап етіп отыр.

    «Екі сағаттан кейін кіргенімде беті мен қолы көгеріп, қаны кетіп қалған. Ол 5 минут бұрын болған өлім емес екенін түсіндім. Алланың жазғаны шығар. Бірақ, бұл жерде дәрігерлердің кінәсі бар деп білемін. Мен әйелімнің ата-анасының көзіне қалай қарарымды білмеймін. Менің талабым, осы істі жасағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылсын. Сотқа арыз түсіремін», -дейді марқұмның жолдасы.

    Қазіргі күні мәйітке экспертиза жасалып жатыр.

    Ал медициналық орталықтың директоры болса, келіншек клиникада қаралып жүрген кезде ағзасы емге аллергиялық реакция бермегенін алға тартты.

    «Қазір денсаулық сақтау және құқық қорғау орындарының мамандары комиссиялық тексеріс жүргізіп жатыр. Комиссия қорытындысыз мен ештеңе айта алмаймын. Алдын ала болжам бойынша, анафилактический шок болған дәріден шок алуы мүмкін. Марқұм осыған дейін біздің орталықта ем алып жүрді. Осыған дейін алларгиялық реакция берген жоқ», – дейді «Әлия» медициналық орталығының директоры Әлия Шангараева.

    қатысты посттар

    “Қазақмыс” шаxтасында бір жұмысшы қаза тапты

    Дәрігерлер 3 күндік сәбиге ауыр ота жасады

    Нұр-Сұлтанда қылмыстық топ бизнесмендерді қорқыту арқылы ақша мен мүлік бопсалап келген

    Фариза

    Пікір қалдыру

    9 + eleven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.