12 C
Алматы
Пятница, 20 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    «15 минуттан соң жарылады»: Қарағандылық ер адам сөмкесінде бомба барын мәлімдеді

    Қарағандыда ер адам орталықтағы кафеге кіріп, келушілердің зәресін ұшырды. Ол сөмкесінде жарылғыш зат бар екенін, оны іске қосатынын мәлімдеген деп хабарлайды Qazweekz.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    Ер адам «бомба 15 минуттан кейін жарылады» деп айқай салған. Кафе қызметкерінің шақыруымен оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп жетті.

    «Аумақ қоршауға алынды. Полиция қызметкерлері ер адаммен сөйлесіп, одан сөмкені беруін сұраған. Нәтижесінде ешқандай жарылғыш заттың жоқ екені анықталды», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Жалған ақпарат таратқан адам 47 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Оның психикалық бұзылуы бар екені анықталып, ол психикалық-неврологиялық диспансерге жатқызылды.

    ҚР ҚК-нің 273 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    қатысты посттар

    Мақтарал ауданында төтенше жағдай жарияланды: Карантиннен үйге қамалған халық енді топ-тобымен мектептерде түнеуге мәжбүр

    Фариза

    «Апаттан қашқан халық коронавирустың апанына бара жатқан жоқ па?» Мақтаарал ауданында эвакуацияланған 5400 адам коронавирустан қалай қорғанбақ?

    Фариза

    «7 жастағы бала көз жұмды»: Шымкентте көлік жүргізген жасөспірім 3 баланы қағып кетті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.