10 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    “7 жастағы бала көз жұмды”: Шымкентте көлік жүргізген жасөспірім 3 баланы қағып кетті

    Екі бала Түркістан облыстық балалар ауруханасына жатқызылды

    Шымкентте 17 жастағы жасөспірім көлікпен үш баланы қағып, оның біреуі көз жұмды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

    Қайғылы жағдай қаланың орталығындағы көшелердің бірінде болған. Көліктің руліне отырған 2002 жылы туған жасөспірім қатты жылдамдықпен жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Сөйтіп ойнап жүрген үш баланы қағып кетіп, артынша электр бағанына соғылған. Оқиға орнында 7 жасар бала көз жұмды. Қалған екі бала Түркістан облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

    «Қазір науқастардың жағдайлары бірқалыпты ауыр. Біріншісі бас миының шайқалуы мен оң жақ сан сүйегінің сынуы сияқты жарақат алған. Ол кеше жансақтау бөліміне жатқызылған болатын. Бүгін емдеу бөліміне ауыстырылды. Екінші бала бас миының шайқалуы диагнозымен түсті. Екеуінің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», – дейді Түркістан облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Әбдішүкір Егізбаев.

    қатысты посттар

    Елордадағы алапат өртке қатысты жаңа деректер шықты

    “Екі жүздей жолаушы болған” Қарағандыда жолаушылар отырған қоғамдық көліктерге оқ атылды (видео)

    Фариза

    Шымкент: Жарақат алғандар мен қайтыс болғандар жоқ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.