Суббота, 7 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қылмыскерлер Қытайға қыздарды 28 мың доллардан сатқан

    Енді бұл қылмыспен екі ел біресе күреспек, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Bugin.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

    Индонезияның Бейжіңдегі елшілігінің хатшысы Ихсан Фирдаус Қытайға индонезиялық қыздардың заңсыз жолмен тасымалданып, күштеп қалыңдық ретінде сатылып жатқанын қозғады. 

    Аталмыш қылмыстың ондаған жылдар бойы жүзеге асып келе жатқанына қарамастан, соңғы екі жылда оның көлемі ондаған есе артқан. Қытайдағы Индонезия елшілігінің мәліметінше қыздардың әрқайсысын $28 мың доллардан сататын қылмыстық топтар бар.

    — Сіздер ойлап көріңіздер, ол топтардың мақсаты ақша табу, ал қалыңдық ретінде сатылған қыздардың тағдыры ешкімді алаңдатпай отыр, — деді Ихсан Фирдаус.

    Сатылған қыздардың арасында кәмелеттік жасқа толмағандары да жетерлік. Бүгінгі таңда олардың саны бірнеше мыңнан асып түседі. Индонезия елшілігі ендігі басты мәселе Қытай билігімен келісе отырып, қылмыстық топтарды құрықтауды қолға аламыз дейді.

    қатысты посттар

    Адам ағзасына ең пайдалы сусындар

    ШЫМКЕНТТІК ЕРІКТІЛЕР МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ

    Фариза

    «Денесінде улау белгісі бар ма?» Белсенділер Арон Атабекке тәуелсіз сот сараптамасын жасауды талап ететінін айтты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one + 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.