21 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Оқиға Фотосурет

    Қытайдың XIX ғасырда қолданған жазалау жүйесінен жантүршігерлік 10 фото (+18)

    Культурология сайты Қытайдың қылмыскерлерге қолданған ең ауыр жазасының қандай болғанын фото-суреттер арқылы көрсетіпті. Конфуцийдің философиялық дана ойлары, қарасаң көз тоймайтын сәулет өнері, өзіне тән мәдениеті болған мемлекет қылмыскерлерге келгенде өте қатал болған. Оны төмендегі суреттер дәлелдейді.

    Қытай

    Ⓒkulturologia.ru

    20 ғасырдың басында-ақ Қытай кез келген қылмыскерін өлім жазасына кесіп отырған. Бір қызығы, өлім жазасына қылмыскердің туысы өзі айдап апарады екен. Себебі әлгі қылмыс жасаған адамның жер басып жүргені жақын туысының намысына тиетін көрінеді.

    Қытай

    Ⓒkulturologia.ru

    Соңғы 15-20 жылда Азия мемлекеттеріндегі жазалау режимдері әжептеуір жұмсарған. Алайда мұрағатта жатқан әр елдің тарихынан хабар беретін фото-суреттер сол мемлекеттің айнасы болып қала бермек.

    Қытай

    Ⓒkulturologia.ru

    100-200 жыл бұрынғы Қытайдың жазалау жүйесі еуропалық елдермен салыстырғанда волюнтаризммен ерекшеленген. Ең ауыр қылмыс  жасағандар өлім жазасына кесіліп, өзгесі сот немесе билік төрелігіне берілген.

    Қытай

    Ⓒkulturologia.ru

    Ал сот қандай жазаларды тағайындады? Мұрын немесе құлағын кесу, тобығын алып тастау, одан ауыры – қабырғаларын сындыру, ағашқа қол-аяғын крест сынды байлап күннің астына қалдыру, тіпті болмаса, тірідей өртеу.

    Ең көп таралғаны – тірідей жерге көму болған.

    Қытай

    Ⓒkulturologia.ru

    Жаза үшін пайдаланылған құру-саймандар: пышақ, балта, балға, ара, бұрғы, таяқ, қапсырма, ине.

    Ал ең ауыр жазаға лайықта қылмыскерлерді өлтірер алдында әбден азаптаған. Мәселен, алдымен таңбалайды, кейін қол-аяқтарын шабады, таяқпен сабайды, содан соң басын кесіп, халық алдында сүндеттейді.

    Қытай

    Ⓒkulturologia.ru

    Түрмеде қылмыскерлерді ұзақ ұстамайтын. Себебі оның түрмеде жатқаны үшін ақшасын жақындары төлейтін. Ал бұған көбінің жағдайы келе бермейтін.

    қытай

    Ⓒkulturologia.ru

    Шенеунікті қорлау, ұрлық сынды қылмыс жасағандарға «цзя» деп аталатын кісен кигізетін. Кейде бір кісенге бірнеше адамды сыйдырыпты.

    Қытай

    Ⓒkulturologia.ru

    Тағы бір ең ауыр жазаның бірі – қылмыскердің басын кесу. Қытайлықтар мұндай жазаға кесілген адам арғы дүниеде де бассыз қалпында жүреді деп сенген.

    қытай

    Ⓒkulturologia.ru

    Тарихшылардың пайымынша Қытайдағы ең жеңіл өлім жазасы алғаш рет 1900 жылы болған.

    Дереккөзі: qamshy.kz

    қатысты посттар

    «Жағдай күрделі»: Алматы облысында мемлекеттік қызмектерлер деструктивті діни ағымдардың уағызын тыңдаған

    Фариза

    Мотивациялық видео жолдау мен тоқал үшін орнынан алып тастау дұрыс емес!

    ШЫМКЕНТТЕ КЕНЕГЕ ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    ten + twelve =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.