-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Тоқаев «әкімдерді кабинеттерінен қуды»

    Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда «қожайын жоқ» екенін және оған тиісті күтім де жасалмағанын жеткізді. Президент «елордада жайлылық жоқ: тақтайшалар ұшып, асфальт жарылып, жасыл желектер жеткіліксіз болып тұр», — деп санайды. Осы орайда, ол әкімдікке «кеш болып қалмас үшін» көшелер мен ғимараттардың бірыңғай жобалық кодын әзірлеуді тапсырды деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі  KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    «Елордада қала құрылысының бірыңғай саясаты жоқ. Бұл бірқатар ауданда ретсіз, бейберекет құрылыстарға алып келеді. Көшелер мен ғимараттарды рәсімдеудің бірыңғай үйлесімді стилі жоқ. Сіздер елорданы көру үшін арнайы келген туристердің пікірлерін естіген де шығарсыздар. Толықтай алғанда, олар әрине, оң пікірлер. Бірақ, қалада эклектиканың да жоқтығын атап өтеді», — деді Тоқаев.

    Мемлекет басшысының пайымынша, мұндай нысандарда жайлылық болмайды.

    «Бір ғимарат бір стильде, екіншісі басқа стильде салынған. Ең бастысы, жайлылық жоқ. Плиталары ұшып, асфальт жарылып жатыр. Жасыл өскін аз. Жалпы, қаланы қадағалап, күтіп ұстамайтындай сезім қалыптасады. Қожайыны жоқ», — деді ол.

    Мемлекет басшысы аудан әкімдеріне қатаң тапсырма берді.

    «Алыстан сәулетті ғимарат жаман көрінбейді. Ал жақын келіп қарасаң, «шаршап» қалғаны көрініп тұрады. Қожайын керек. Ең алдымен, аудан әкімдері қожайын болуы тиіс.

    Олар кабинетте отырмай жаяу жүріп, тұрғындарын, әрбір ғимараттың тыныс-тіршілігін, белгілі бір ғимаратта тұрып жатқан адамдардың өмірін білуі қажет. Кабинетте кешкі сағат 6-7-ден кейін қажетті құжаттарға қол қою үшін отыруға болады. Кеш болмай тұрғанда қала көшелері мен ғимараттарын рәсімдеудің бірыңғай дизайн-кодын әзірлеуді тапсырамын. Бұл менің әкімдікке қатаң тапсырмам», — деді мемлекет басшысы.

    қатысты посттар

    Тоқаев: Әлемнің тағдырын футболшылар, шоу-бизнес өкілдері емес, ғалымдар шешеді

    Фариза

    «Президент театр жұмысшыларының жалақысын естігенде, үнжырғасы түсіп кетті

    Алматыда арнайы жасақ «Демпартия» жақтастарын қоршады, орталық алаңда интернет өшті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    6 − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.