19 C
Алматы
Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Саясат Экономика

    “Банктер біздің азаматтарымызды қаржылық құлдыққа итермелейді” – Владимир Божко

    Мәжіліс вице-спикерінің айтуынша, дәл қазір 7 миллион 051 мың азамат пәтер алу үшін несие ала алмайды. Бұл туралы Үкімет сағатында мәжілістің вице-спикері Владимир Божко мәлімдеді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

    – Тұрғын үй несиесіне жүгіне алатын азаматтар саны азайып келеді. Қазірге дейін 6 миллион 752 мың кепілдіксіз тұтынушылық несие берілсе, оның 885 мыңы кешіктірілген. Банктер мен несие беретін ұйымдар біздің азаматтарымызды қаржылық құлдыққа итермелейді, сосын банктер коллекторларға жүгінеді, ал қарыз алушылар мемлекеттен өз кредит мәселесін шешуді талап етеді, – деді Божко.

    Оның айтуынша, 227 мың автонесие берілсе, оның 22 мыңы бойынша несие төлеу мерзімі кешіктірілді, 741 мың адам кредиттік карточка алған, олардың 56 мыңының қарызы бар, ипотека бойынша 270 мың несие алушының төлемі кешіктірілген берешегі бар.

    – Елде 959 мың қарыз алушы проблемалы, қазіргі уақытта 7 миллион 051 мың азамат баспана үшін несие ала алмайды, – деді депутат.

    Тағы бір проблема – кейбір жергілікті атқарушы органдар “Бәйтерек” АҚ-дағы өз облигацияларын уақытында сатып ала алмай отыр.

    Бұл жағдай бақылау мен есеп беруді күшейту үшін жергілікті атқарушы органдардың жеке бақылау есепшотын ашуды талап етеді, оның ішінде “Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша қаражаттың қозғалысы мен оның мақсатты пайдаланылуын бақылайтын заң керек.

    – Азаматтардың тұрғын үй салымдарына тиіспеу жағын қарастыру керек, әйтпесе әлеуметтік төлемдер, айыппұл өндіру деген бар. Соңғы 3 жылдың ішінде БЖЗҚ төлем талаптарын орындау үшін жинақтардан 3,8 миллиард теңге төледі, – деп қорытындылады Божко.

    қатысты посттар

    Тасмағамбетов қызметінен босатылды

    “Шыңжаңдағы лагерьлерде қазақтар қамауда отыр” деген ақпарат жалған – Қытай елшісі

    Елбасының өкілеттігін одан әрі қысқарту мәселесі күн тәртібінде жоқ – Мусин

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 + 16 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.