4 C
Алматы
Среда, 18 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Оралда қоқыс контейнерінің жанынан өлі табылған нәрестенің анасы ұсталды

    Оралда қоқыс контейнерінің жанынан өлі табылған нәрестенің анасы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

    Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 6 қазан күні таңертең Құрманғазы көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында қоқыс контейнерінің жанынан қара түсті сөмке табылған. Оның ішіндегі целлофан пакетте жаңа туған шақалақтың өлі денесі болған.

    Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

    Абай полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында Орал қаласының 1988 жылғы тұрғынын анықтап, ұстады. Оқиға орнынан сөмке, жамылғы, 2 пакет, 2 есік кілті, домофон кілті табылды.

    Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 100-бабына сәйкес (жаңа туған баланы анасының өлтіруі) тергеу амалдары жүргізілуде.

    Анықталғандай, әйелдің бұдан басқа төрт баласы бар. Шақалақтың қалай өлгені сараптама қорытындысына сәйкес анықталатын болады.

    Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда қоқыс контейнерінен шақалақтың мүрдесі табылғанын жазған болатынбыз.

    қатысты посттар

    Сәуір айында қыс қайта оралды: Қостанайда қалың қар жауып, боран соқты

    Фариза

    «Қатты шыңғырып жіберді, бәрі естіді» Ақтөбеде дәрігерлер дені сау келіншекті өлтірді деп айыпталуда

    Фариза

    Қордайдағы қақтығыс кезінде 8 адам қаза тапты

    Пікір қалдыру

    fifteen + seventeen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.