13 C
Алматы
Сенбі, 4 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Спорт

    “Баспасөз мәслихатына қатыса алмайды” Головкин мен Деревянченко ауруханаға жеткізілді

    Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен жекпе-жектен кейін қазақстандық Геннадий Головкин мен қарсыласы украиналық Сергей Деревянченко ауруханаға емдеу үшін жеткізілді. Бұл туралы украиналық спортшының промоутері Лу ДиБелла, айтты деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Neonomad.kz порталына сілтеме жасап.

    Әлемге әйгілі The Ring басылымының журналисі Райан Сонгалия Twitter желісіндегі парақшасында украиналық промоутердің сөзін келтірді.

    «Головкин мен Деревянченко баспасөз мәслихатына қатыса алмайды. Екеуі де ауруханаға жол тартты. Бұл туралы ДиБелла айтты», – деп жазды ол.

    Естеріңізге сала кетсек, 37 жастағы Геннадий Головкин төрешілердің бірауыздан мақұлданған шешімімен жеңіске жеткен болатын. Қазақстандық боксшы бұл жолы қарсыласының айтарлықтай мықты болғанын жасырмады.

    қатысты посттар

    Головкиннің кезекті жекпе-жегі қашан болатыны белгілі болды

    “Канело” мен Сергей Ковалев жекпе-жек алдындағы алғашқы кездесулерін өткізді

    Фариза

    “Олардың бәрі кезекке тұру керек…” – Головкин әлем чемпиондарын көзге ілмей отыр

    Пікір қалдыру

    19 − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.