-6.1 C
Алматы
Четверг, 14 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Дін Қоғам

    «Артық кеткен жерім болса, кешірім сұраймын…»

    Мұхамеджан бауырымның ақталып жазған жазбасын оқыдым. Мені қате ақпаратқа алданудың нәтижесінде эмоциямен өзіне қарсы пікір жазыпты деген сыңайда әңгіме айтыпты. Оу, Мұхамеджан бауырым, сөздеріңе қарсы шығып, саған ренжіген мен ғана емес, бүкіл халық қой. Бұл екеуміздің арамыздағы жеке бастың дауы емес. Монтаждалған депсің. Кез келген ұзақ видео қысқартылады. Егер қысқартқанда мағына өзгеріп кетсе, онда өзіңмен келісемін. Тіпті өзіңді қорғаймын. Бірақ не айтқың келгені ап-анық тұр ғой. «Меккеде намаз оқыған адамды жамбасынан оңдырмай тебуге рұқсат беріп қойған дін қандай дін» — деген күдікті сауал әркімнің ойында қалды. Қасиетті қағба алдында кейбір адамдардың Аллаға беріліп кетіп қолайсыз жерге намаз оқығанын шешудің құйымшаққа қатты тебуден басқа өркениетті, адам қадірін кетірмейтін басқа мәдениетті жолы жоқ па, сонда? Міне осы сөздермен діннің қадірін кетірдің. Және бұл сөзіңді, яғни, діни аргументті көшеге шыққан халықты жасына қарамай аямай қамауға, полицияны қайрау үшін айтқаныңның қай жері монтаж? Сосын көшеге біреу алданып шығады, енді біреу тарығып шығады. Қайсібірі әділеттік іздеп, азаматтық позициясын білдіру үшін шығады. Полицияға «алаңдағы халық біреуіңнің әкең, біреуіңнің анаң, әпке-қарындасың. Мемлекеттің қауіпсіздігін дөрекілікке бармастан сақтаңыздар. Әсіресе жасы үлкен кісілерге қатты кетіп жағдайды одан әрі ушықтырып, халықты ашындырып алмаңыздар» — десеңіз нағыз жанашырлық, шынайы мемлекетшілдік болар еді. Талай постымда да ашық айтып жүрмін. Мен революцияны қолдамаймын. Бірақ әділетсіздікті айтуға, жеткізуге тиіспіз. Әділетсіздікті айтуға тиіс адамдар тек сарайды мадақтағанның нәтижесіне мемлекетмізде көптеген былықтар орын алып жатыр. Халық өзіңнен таразының басын тең ұстап мемлекетіміздегі талан-таражды, жемқорлықты, ысырапшылдықты, әділетсіздікті де айтуыңды қалайды. Біржақты уағызға халық мезі болған.

    Сосын өзіңе ғана оңаша айтатын екеуміздің арамыздағы жеке бастың мәселесі емес қой. Видеоң барлық әлеуметтік желіде кең тарап, халық менсіз де қызу талқылып жатқан болатын. Мен дін адамы ретінде өз позициямды білдірдім, қате сөздеріңді сынадым.

    «Монтаж» — деп ақталмай-ақ, «кейбір сөздерім мен мысалдарым орынсыз болыпты, эмоциямен айтылған қате әрі артық сөздер екен. Сол үшін халықтан кешірім сұраймын» десең халық басқаша қабылдар еді. Әрдайым халықтың жанында болуға тиіс өзің сияқты ақынға осы жарасар еді. Асыл арнаны жабуға қатысты пікірлерге қосылмаймын. Оны қадағалап отырған мемлекет пен ҚМДБ мамандары бар.

    Мен өз ойымды айттым, өзің де оған жауап бердің. Енді осы жерден тоқтайық. Халық ақ-қарасын өзі ажыратады. Артық кеткен жерім болса, кешірім сұраймын.

    Жазба Қайрат Жолдыбайұлының Facebook парақшасынан алынды

    қатысты посттар

    Түркістан облысында ораза кезінде ішімдік сатылмайтын болды

    Жаңаөзенде жедел жәрдем қызметкерлері ереуілге шықты

    Фариза

    Коронавирус жұқтырған жанұя туралы хабарлама Орал тұрғындарын шошытты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − thirteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.