Воскресенье, 7 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Медиа

    Екі сиырмен қалай күн көріп жүргенін айтқан ер адам жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

    Әлеуметтік желіде екі сиырмен қалай тамаша күн көріп жүргенін айтқан ер адам жұртты күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stan.kz порталының дерегіне сүйеніп.

    Видеода ер адам «Елбасының заңымен екі сиыр алып бағып жүрмін. Екеуін де туғызып, екі сиыр сауып жүрмін. Бір сиырдың сүтімен бала-шағамды бағып жүрмін. Ал біреуінің сүтімен кредитімді жауып жүрмін», – деп айтыстың мақамына салады.

    Сондай-ақ, ол өзін асырап отырған екі сиырын көрсетуді де ұмытпады.

    «Енді екі сиырға салық төлейсің. Салық қағазын күт енді», «Сен ақымақсың немесе ақымақ болып көрінуге тырысып тұрсың» деген сөз бар ғой. Сіз сол екеуінің біреуі сиықтысыз», «Қуаныштан бал-бұл жайнап тұрғанына қарап, Назарбаев схемасы жұмыс істейді екен деген ой келеді», «Әй, жарайсың!», «Молодец» деп жазды желі қолданушылары.

    қатысты посттар

    «Как дела, Габидулла?» Шымкенттің экс-әкіміне арналған бейнебаян жарыққа шықты (видео)

    «Қыздың қылығы түзде» — Семейде қыздар жүлде үшін жалаңаштанып жарысты

    «Ән сұрап, төсек ұсынғандар болды» — композитор Бауыржан Есебаев

    Пікір қалдыру

    eighteen + 17 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.