10 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес Медиа

    #Abai175: Абайдың өлеңін қытай тілінде оқыған Джек Ма жұртты таңқалдырды (видео)

    Alibaba интернет-корпорациясының негізін қалаушы Джек Ма қазақтың ұлы ақыны Абайдың өлеңін қытайша оқыды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпараттың дерегіне сүйеніп.

    Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің хабарлауынша, Джек Ма ҚР-ның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышевтың эстафетасын қабыл алып, қытай тілінде «Құлақтан кіріп, бойды алар»  өлеңін оқыды.

    «Құрметті достар, мен Джек Мамын. Келесі жылы Қазақстанда қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абайдың 175 жылдығы тойланады. Бүгін мен Қазақстанның Қытайдағы елшісі Нұрышев мырзадан эстафетаны қабыл алып, сіздерге Абайдың өлеңін оқып беремін»,- деді қытайлық миллиардер.

    Соңында, Джек Ма эстафетаны қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге жолдады.

     

    қатысты посттар

    Нұрлан Еспанов: Үкіметтік жұмысқа кіру деген еркектіктен айырылу деген сөз

    Фариза

    Балық өндірісі өркендеп келеді

    Өскеменде Наурыз мейрамы жаңа форматта өтеді

    Пікір қалдыру

    two × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.