-6.1 C
Алматы
Четверг, 14 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    «Екі ер адам төсекте жалаңаш жатқан…» Танымал актер полицияға арыз жазды

    Танымал актер Қуандық Шәкіржанов екі ер адамның жалаңаш жатқан видеосына өзінің суретін қосып қойғандардың үстінен арыз жазды. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Тengrinews.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

    WhatsApp мессенджері мен әлеуметтік желілерде тарап жатқан видеода екі ер адамның төсекте жалаңаш жатқаны көрсетілген. Видеода актер Шәкіржановтың суреті де қойылған.

    «Кеше бір оңбағанның жіберген видеосы үшін қазір арыз жазып шықтым. Жалаңаш ер адамдардың қасына менің суретімді қосыпты. Табылады, табамыз, Құдай бұйыртса. Видеодағы ер адамның маған ұқсамайтыны да көрініп тұр. Қазақтың намысы бар жігітінің бірімін. Сондықтан жақын арада ол қолға түсіп, жазасын алады. Уайымдамаңыздар. Ондай алып-қашпа видеолармен надандар, білімсіздер айналысады. Олардың сана-сезімінің жеткен деңгейі сол жер», — деді актер.

    Актердің жазылушылары оның бұл шешіміне қолдау көрсеткен. «Алаңдамыз, бәрібір Құдай көріп отыр», «Видеоны мен де көрдім. (…) шок болдым, төсекте жатқан анау екеуі сізге мүлде ұқсамайды, сосын өшіріп тастадым», «Сізге күмән жоқ қой, аға», «Небір адамдар бар ғой зияндық жасайтын» деп жазды актердің жазылушылары.

    https://www.instagram.com/p/B3HPT6jnCWn/?utm_source=ig_embed

    қатысты посттар

    Димаштың «бомба» бейнебаяны жарық көрді (видео)

    Семейде «Рухты Шығыс» Аrt-фестивалі аяқталды

    ТАРАЗДА «АБАЙДАН АМАНАТ» АТТЫ ОНЛАЙН КОНЦЕРТ ӨТТІ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 − seventeen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.