-5.1 C
Алматы
Четверг, 14 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Бұйрықпен келдіңіз ба, мемлекет үшін шаруаңызды орындаңыз!» Тазабеков митингіде полицейлер бұйрықты орындау керек екендігін айтты (видео)

    facebook.com әлеуметтік желісінде «Асыл арна» телеарнасының директоры, айтыскер Мұхамеджан ТАЗАБЕКТІҢ полициямен болған кездесуінің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zhasalash.kz порталына сілтеме жасап.

    Ол жерде айтыскер сөйлеуші, ал полициялар тыңдаушы. Мұхамеджан Тазабек қуғындағы оппозициялық саясаткер Мұхтар ӘБЛЯЗОВ, көпбалалы аналар мәселесі мен митингілер жайлы айтқан екен.

    «Полиция қолында қалқан, басына каска киіп алған. Немесе бір ақсақалды көтеріп кетіп бара жатыр. «Ойбай, мына полиция оңбаған, шеше сыйламаған, әке сыйламаған, қария сыйламаған оңбаған» деп айтқысы кеп тұр. Бұл арандатуға өмірі сенбеу керек. Қазақтың қариясы мен анасына жанашыр болсаң, алаңға шығарма. Қазақстанда ешкім аштан өлмейді. Қазақстанда ауызы қимылдағанның қолы қимылдайды. Алаңға келгендердің елу пайызын жертва қып шығарып отыр. Сіз приказбен келдіңіз бе, мемлекет үшін шаруаңызды жасаңыз. Мен сізге айтайын алаңға шыққан қарияны көтертпек түгілі, алаңға шыққан апаны алдап-сулап шығарып салмақ түгілі, бауырлар, анау қасиетті Меккеде қағбаның қасында дәліз жасап қойған. Миллиондаған адамдар келеді. Меккеге 15 рет барған адам ретінде айтайын. Сол қағбаға баратын жолда сіз намаз оқып тұруыңыз мүмкін. Бірінші «кет» деп айтады. «Жолды босатыңыз» дейді. Сіз өзіңізше ойлайсыз қағбаның, зәмзәмнің қасында намаз оқып тұрмын деп. Екінші рет кеп сені итереді. Үшінші рет жамбасыңнан тепкенде құйымшағыңды сындыра жаздайды. Бүкіл әлемнің ғұламалары пәтуә берген. Қоғамның тыныштығы сақталу керек. Сен намаз оқысаң, өзің үшін. Құлшылық жасасаң, өзің үшін. Бірақ мына жақта миллион адамның жолын жаппауың керек. Бір адамның проблемасы үшін мына жақта жүз адам жапа шекпеуі керек. Мен сол кезде барып ойландым. Он адамды көшеге шығарып «ойбай, аһ-уһ» деп жылатады. Сенің жаның ашып, «ойбай-ай, өзімнің шешем сияқты шешем екен, өзімнің атам сияқты атам екен» десең онда сен шынында мына жақтағы мыңдаған аталар мен апалардың тыныштығын бұзатын жағдайға есік ашып жатсың. Жан ашитын жер болады. Үйіңе барда шешеңнің аяғын жуып бер. Әкеңнің сақалын сипап отыр. Ал бірақ көшеде қоғамның тыныштығы үшін, мемлекеттің тұрақтылығы үшін, ел мен елдің қаны шықпауы үшін ана жерде приказ орындалу керек», — дейді М. Тазабек. 

    қатысты посттар

    Сапарбаев: Тұрмысы төмен отбасылар көмекті ақшалай емес, тауар ретінде алады

    Фариза

    «Мұндай Қазақстанның мемлекеттік тілі – орыс тілі» — саясаттанушы

    Полиция бастығы ат мініп, желіні шулатты (видео)

    2 комментария

    Аяна 03/10/2019 at 19:25

    ???

    Жауап беру
    Әмзе 06/10/2019 at 07:26

    Тазабеков сияқтылар қызмет, ақша үшін абыройын, намысын және т.б-сын сатады, қасиетсіз надандар. Өзін ойлайды ақынмын, жыраумын, діндармын деп, дінді еврейлер сияқты болмашы тиынға сатқан арсыз. Бүкіл ислам әлемі мойындаған Имам Ғазали деген үлке ғалым айтқан: осы өмірде залым патшаны кім қолдаса, ақыретте ҰЛЫ ЖАРАТУШЫ РАББЫМЫЗДЫҢ алдында сол залым патшамен жауап береді

    Жауап беру

    Пікір қалдыру

    12 + five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.