-12.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Ең болмаса қасымызда қорғаныш болмады» — Анасынан ерте айырылған балалар көмек сұрап видеоүндеу жолдады

    Ананың аяулы алақанынан екі жыл бұрын қол үзген балалар әкесіне керек емес болып қалды. Жанат Рашинов қыздарды тастап кеткен. 6 бала өздігінен күн көріге мәжбүр. Әкелері ортаншы қызына қаладағы мешіттердің бірінде қайыр сұратып, жинаған ақшасына көңіл көтеріп жүрген, деп хабаралйды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

    балаларСурет: Видеодан скриншот 

    «Осыдан екі жыл бұрын анам қайтыс болып кетті. Әкеміз қарамай кетті. Басқа әйелдермен сөйлеседі. Бізді балам деп айтпайды. Ештеңе де бермеді. Ақшасы да керек жоқ дедік. Ең болмаса қасымызда қорғаныш болмады. Әкем анам тірі кезінде де осылай еді. Бірақ ауылда біздің үйіміз бар болатын. Оны әкем өз әпкесіне бере салды. Анам қайтыс болып кеткеннен кейін біз егістікте жұмыс істедік», – дейді көз жасына ерік берген Шолпан.

    Қыздарының айтуынша, әкелері әйелдермен көп сөйлеседі. Ал балаларының жағдайын білу үшін бірде-бір рет келмепті. Қазір балалар саяжайдағы есіз қалған үйде өмір сүріп жатыр екен.

    «Саяжайдағы үйде біз қыста тұра алмаймыз. Өйткені пеші жоқ. Анамыз қайтыс болғаны үшін айына 70 мың теңге аламыз. Сол ақшамен өмір сүріп жатырмыз. Кейде жетпей қалса, егістікте жұмыс істеп ақша табамыз», – дейді үйдің үлкен қызы Шарапат.

    Анасы қайтыс болғанға дейін отбасы ауылда тату-тәтті тұрған. Алайда, осы оқиғадан кейін әкелері кенет өзгеріп кетіпті. Жанат үйден кетерде 12-13 жастағы ортаншы қызын өзімен бірге алып кеткен. Қыздардың айтуынша, әкелері сіңлілерін «Саяхат» маңындағы мешіт жақта қайыр тілетеді. Тіпті Жанат қарызданған адамдарға қыздарының телефон нөмірін беріп, солар төлейді деп айтады екен.

    Алайда, Жанат ортаншы қызы Жаннетаға қайыр тілетпейтінін айтып, қыздарын жақсы көретінін жеткізді. Бірақ балалар әкелерін кешірмейтіндерін және біргісі тұрғысы келмейтіндерін айтты.

    қатысты посттар

    Үкімет тағы да 42 500 төлеу керек – Мұхтар Тайжан

    Фариза

    Ешқандай симптом болмаса да, Германиядан келген 2 қазақстандыққа неліктен тест жасалды? Іс пен сөз сәйкеспей қалды

    Фариза

    Шымкентте әскерге кеткеніне 5 күн болған сарбаз өзіне қол жұмсамақ болған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.