-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға Саясат

    «Маған көмек беріңіздерші, өлетін халге жеттім“ 4 балам үшін өмір сүргім келеді деген науқасқа Асқар Тұңғышбаев қалай жәрдемдесті?

    Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың ұлы Алматы қаласы Алатау ауданы прокурорының орынбасары болып қызмет істеген Нұрсұлтан Күдебаевтың қазасынан соң №4 қалалық ауруханының бас дәрігері Қанат Тезекбаев пен анестезиолог Асқар Тұңғышбаев қамауға алынған болатын. Бүгін Асқар Тұңғышбаевтың емделушісі аталған жайтқа байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    «Мен Дауранбекова Сабира Шербайқызы былтыр рак ауруымен ауырған болатынмын. 4 жыл ауырып жүрдім. Маған дәрігерлер біраз уақыт диагноз қоя алмай жүрді. Нақты диагнозы былтыр ғана белгілі болды. Мен 4 балалы жалғызбасты анамын. Ауруға шалдыққаннан кейін үйде жатып қалдым.  Анда-мұнда жүгіруге менде жағдай болмады.

    Бір күні фейзбукке жаздым: Маған көмек беріңіздерші, мен өлетін халге жеттім. 4 балам үшін өмір сүргім келеді — деп.

    Содан кейін бірінші болып Асқар Тұңғышбаев жазды:

    «Келіңіз сізге мен көмек беремін. Қандай көмек керек болса да мен көмектесемін», —  деді. Содан кейін Асқарға қаралуға келдім.

    Ол мені әпкем деп отырғызып қойып, қолынан келген барлық көмегін жасады. Сол тамыз айынан бері мен Асқарды танимын. Дәл қазіргі уақытқа дейін қандай көмек керек болса да, қандай жаттығу жасау керек барлығына Асқар көмек беріп келеді. Маған 22 адамның қаны құйылды. Сегіз сағат операция жасалды. оның бәрі оңай болған жоқ. Соның барлығына да Асқар Тұңғышбаев көмектесті. Ол өте білікті әрі жанашыр маман. Сондай жанашыр адамға дәл қазір жала жабылып отырғанына кешеден бері жүрегім қан жылап отыр. Фейзбукқа да жазып жатырмын. Бұл не сұмдық? Маған 4 жыл бойы диагноз қоя алмаған дәрігерлер жауапқа тартылмайды да, қайдағы бір Германиядағы іске Асқар жауап беру керек, не үшін? Әділетсіздік болып тұр.» — деп ағынан жарылды Асқар Тңғышбаевтың емделушісі.

    қатысты посттар

    «Ол өте қауіпті» Павлодарда айнаның көмегімен дәретханадағы қыздарды сығалаған ер адам іздестірілуде (фото)

    Фариза

    Жамбыл облысындағы жарылыстар: жедел желі нөмірлері жарияланды

    Фариза

    Асқар Мамин елорданың шеткері аймақтарында тұратын азаматтардың мәселелерін шешу барысымен танысты

    Пікір қалдыру

    sixteen − 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.