Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Отбасы

    Көпбалалы отбасылардың балаларын үйірмеге қатыстыруға қалталары көтере ме, қандай жеңілдіктер қарастырылған?

    Бүгінде ата-аналардың барлығы дерлік балаларының мектептен кейінгі уақыттарын бос қалдырмау үшін арнайы үйірмелерге қатыстыруды әдетке айналдырған. Оқушыларға арналған үйірме сарайларының лық толы болып, тіпті кейбіреулерінің сыймай қалып жатқан жайы да бар. Балалардың уақытын құр өткізбей, осылай білім мен өнерге құмартып, өзін-өзі дамытуға ынталануы, әрине, жақсы дүние. Дегенмен, бұл аталған үйірмелердің де тегіннен-тегін болмайтыны анық. Отбасында бір немесе екі баласы бар ата-аналарға бұл ауырлық түсірмеуі мүмкін. Ал, 4 немесе одан да көп баласы бар көпбалалы ата-ананың әр баласын үйірмеге қатыстыруға қалталары көтереді ме? Ал, жетім балалар мен мүгедектігі бар балалар ше, олар үйірменің ақшасын қалай төлемек? Осы тұста Qazweek.kz ақпарат агенттігі елімізде үйірмелерге арналған көпбалалы отбасылар үшін қандай жеңілдіктер қарастырылғанын анықтап көрді.

    Ақпарат нақты болу үшін Алматы қаласындағы оқушылар сарайына хабарласқан болатынбыз. Арнайы сұрақтарға оқушылар сарайының директорының орынбасары Мария Сегізбаева жауап берді:

    Оқушылар сарайында қандай  жеңілдіктер қарастырылған?

    1. Балалар үйінен шыққан балаларға
    2. Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға
    3. Толық емес отбасыдан шыққан балаларға
    4. Психологиялық ауытқуға ұшыраған балаларға
    5. Мүмкіндігі шектеулі балаларға
    6. Көпбалалы отбасыларға біздің мекеме арнайы жеңілдіктер қарастырған.

    Аталған барлық топтағы балалар біздің оқушылар сарайындағы кез-келген үйірмеге келіп, тегін қатыса алады», — деді ол.

    Оқушылар сарайы келесідей бағыттар бойынша жұмыс атқарады:

    1. Спорт секциясы
    2. Экология және биология
    3. Туристік үйірмелер
    4. Аспаптық үйірмелер
    5. Би үйірмелері
    6. Қолөнер үйірмелері
    7. Ән үйірмелері
    8. Ғылым және техника
    9. Математика үйірмелері
    10. Балалар ынтасын үйлестіру үйірмесі
    11. Тіл үйірмелері

    Дәл қазіргі таңда оқушылар сарайында  230-дан аса үйірме жұмыс істейді, ең кемінде 2000 теңгеден бастап 7000-8000 теңгеге дейінгі аралықтағы бағаны құрайды.

    Аталған жеңілдікке ие болу үшін, халыққа қызмет көрсету орталағынан арнайы көпбалалы отбасынан екендігін дәлелдейтін арнайы анықтама қағаз болса болды.

    Сондай-ақ,  Астана қаласының оқушылар сарайында да: ата-ана қамқорлығынан тыс қалған балалар, көпбалалы және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасы балалары тиісті құжаттарды ұсынған жағдайда үйірмені тегін оқи алады.

    Оқушылар сарайының ақпараттық қызметіне сүйенсек дәл қазіргі таңда ол жерде 13000-ға жуық оқушы 7 бағытта қосымша үйірмелерге қатысуда.

    Байқап отырғанымыздай, балалары көп, бірақ, қаражаттың тапшылығынан қиындық көріп отырған отбасылар енді бір құжаттың көмегімен-ақ өз балаларын кез-келген үйірмеге тегін қатыстыра алады. Еліміздің болашағы жастардың қолында болғандықтан, әр баланың жан-жақты дамып, қатарынан қалмай өскені дұрыс. Аталған жеңілдікті ата-аналардың шағымданып биліктегілерден талап етіп жүргендеріне де аз уақыт болған жоқ. Тегін үйірмелер жоқтың қасы екендігіне ашынған ата-ана, ендігі уақытта анықтама қағаз арқылы арнайы жеңілдікті қолдануына болады.

    Фариза Жомартқызы

    қатысты посттар

    Интернетке тәуелділіктен құтыл да, арманыңа қол жеткіз! Біз үшін әр баланың болашағы маңызды

    Фариза

    Түркістан облысында ер адам әйелін ұрып, бес баласымен бірге үйінен қуып шықты

    Қазақстанда «әке квотсын» енгізу ұсынылды.

    Пікір қалдыру

    14 + 16 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.