-5.1 C
Алматы
Пятница, 15 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Құтқарыңдар!» деп айқайлаған аянышты дауыстарды біз 24 сағат естіп тұрамыз» Сайрагүл Сауытбай Қытайдың қайта тәрбиелеу лагеріндегі жантүршігерлік жағдайлар туралы айтып берді

    Қытай шекарасынан Қазақстанға заңсыз өтіп істі болған Сайрагүл Сауытбай әлем назарын аударды. Швециядан пана тапқан ол Стокгольмде өткен халықаралық жиында қайта тәрбиелеу лагеріндегі сұмдық жайттардың бетін ашты деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Замана басылымына сілтеме жасап.

    Мәжбүрлі түрде қайта тәрбиелеу лагеріне келген оның айтуынша, ол жерде 2500-ге жуық адамдар болған. Барлығы да кінәсіз адамдар. Ең кішісі 13 жастағы кішкентай балаболса , үлкені 84 жасқа дейінгі қарттар екен.

    «Ерлер, әйелдердің барлығының ша­шы тақырлап алынып тасталған. Қолдарында, аяқтарында кісен. Осыны мектеп деуге бола ма?», — дейді Сайрагүл.

    Сондай-ақ, ол лагерьдің өзіндік ережелері барын, оны бұзған адамды ауыр жаза күтіп тұрғанын айтты. Цемент пен бетоннан құйылған еденге жұқа палас төселіп, адамдар соның үстіне ұйықтайды екен.

    «Одан соң сол жердің тәртібі бойынша бір адам 1 шаршы метр жерге жату міндеттелген және оң қырымен ғана. Таң атқанша қозғалмау керек. Егер қозғалатын болса, онда ауыр жазаға ұшырайды. Сонда бір кішкене ғана бөлме ішінде 16-17, 20-ға дейін адам жатады қысылып. Тек қана оң жағымен жату міндет­теледі», — деді ол.

    Сонымен қатар, лагерьдің әр камерасына бір шелек қойылып, 20 адам соған дәрет шығаратын көрінеді. Тіпті белгіленген екі минуттан артық отыруға болмайды екен.

    «Шелекке  бір үйдегі 20 адам үлкен-кіші дәрет жасайды. Барлығын камерамен 24 сағат көріп тұрады, бақылап отырады. Толғаннан кейін қақпағын жауып қоясың. Енді сен туалетке отырамын десең де ешкім рұқсат бермейді. Қыстап кетсе де рұқсат сұрасаң, жазаға тартыласың, сол жерге отыруың керек. Ертесіне таңертең сол туалетті – толған шелекті төгіп тастағаннан кейін барып туалетке отыруға болады.

    Туалетке отыру уақыты 2 минуттан асып кетпеуі керек. Міне, осы себептерден үлкен дәреті, кіші дәреті қыстап, денеге тарап кету, дәретке уланып қалу, микроб тарап кету деген аурулар ол жерде жетеді.

    Геморрой болған, орнынан тұра алмай жатқан, бүйректен суық өтіп, ісініп кеткендер, одан кейін диабеттің 3-ші дәрежесі және миына өспе шығып операция болғандар, түрлі аурулар кездеседі ол жерде. Бірақ ауырып жатқан адамдарға өліп қалса да ешкім қарамайды, ешкім дауаламайды да», — деді Сайрагүл Сауытбай.

    Сондай-ақ, Сайрагүл лагерьдегі ас мәзірін де айтып берді. Оның сөзінше, тек сұйық тамақ беріледі екен.

    «Әр күні үш уақыт тамақ беріледі. Таңертеңгі, түскі ас – барлығы бірдей, негізінен сұйық тамақ. Бір уақытта тамаққа бір тілім нан және күріштің суы немесе көк шөптің суы, бір шөміш бір адамға. Сол ғана беріледі үш уақыт тамаққа», — деп сұмдықтармен бөлісті.

    Сайрагүлдің айтуынша, әйелдер мен қыздарды зорлау оқиғасы лагерьде күнделікті болып тұратын көрінеді. Сондай-ақ, ол ешқандай камерасы жоқ, қамауда жат­қандарды қинауға арналған қара бөлме барын айтты.

    «Мен класта соларға сабақ өтіп жат­қан кезімде трос ұстаған екі полиция тұрады біздің қасымызда. Біздің олардың айт дегенінен ары айтуымызға болмайды. Барлығы шектелген. Жылауға да, күлуге де болмайды.

    Ал сол бөлмеге сақшылар алып шы­ғуға тиіс адамдарды алып кетеді. Оларды алып кеткеннен кейін сол қара бөл­меден жылаған, «құтқарыңдар!» деп айқайлаған сондай аянышты дауыстарды біз 24 сағат естіп тұрамыз.

    Кеткен адамдардың кейбіреуі өте ауыр жағдайда қайтып келеді. Тырнақтары жұлынған, беттері қан. Одан кейде өте ауыр жағдайда келеді ол кісілер. Келгенде, сүйреп әкеліп тастайды. Ол кісілер бірнеше күн қозғалмай жатады, тұра алмайды орындарынан.

    Шеге ұшын жоғары қаратып қадаған қара орындықтар болады ол жерде. Соған адамды зорлап отырғызып, таңып қоятын, сондай қинайтын, ток таяқпен ұратын, токпен соқтыратын түрлі қинау тәсілдері сол қара бөлме ішінде жүргі­зіледі. Ал кейбіреуі қайтып келмейді, із-түзсіз, содан кейін қайтып көрген жоқпын. Олар сондай жазықсыз қинау барысында өліп қалды деп ойлаймын.

    Ол жерде адамдар кірген жерде жұқпалы кеселдері бар ма, жоқ па дегенді сылтау етіп, қамаудағының бәрінің денсаулығын тексеріп апарады. Ешқандай ауру болмағандарының бәріне белгі қойып қойған. Мысалы, кейде сол архивтерді маған реттеуге бұйырады. Бұл белгі салынған адамдарды барлығын түгелдей алып кетеді. Қайда әкетті? Оларды адамдардың ішкі ағзасын сату пункттеріне жөнелтеді.

    Ол жерден кішкене балаларға дейін, қарттарға дейін, сонымен бірге жазушылар, ақындар, кәсіпкерлер, ірі тұлғалар, байлар – қоғамның әр саласының адамдарын табуға болады», — деді

    Сайрагүл Сауытбай.

    қатысты посттар

    1 жыл бұрынғы бейнекадрлар. Қ.Тоқаевтың ұлықтау рәсімі

    Фариза

    Ринаттың азаматтық парызына басымды иемін — Қосанов

    Фариза

    «Ұсталғандардың бәрі шықты…» — Ринат Заитовтың босап шыққанын көрген жұрт тарады (видео)

    Пікір қалдыру

    twenty − 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.