Воскресенье, 2 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    Джеки Чан Абайдың 175 жылдығына арналған флешмобқа қатысып, ұлы ойшылдың өлеңін жатқа оқып берді (видео)

    Әлемге әйгілі актер Джеки Чан Абайдың 175 жылдығына арналған флешмобқа қатысып, ұлы ойшылдың өлеңін жатқа оқып берді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі  Neonomad.kz порталына сілтеме жасап.

    «Мен Қазақстан президенті бастаған поэтикалық челленджді Ерлан Қариннен қабылдаймын», – деді актер.

    Әрі қарай Джеки Чан Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» атты өлеңін оқып берді.

    https://www.instagram.com/p/B2vgqZ3nWxz/?utm_source=ig_web_copy_link

    Естеріңізге сала кетсек, Ерлан Қарин мен Джеки Чан осы жылдың сәуір айында кездескен болатын. Сол кезде актерге Сириядан қазақстандықтарды құтқару туралы фильм көрсетілді.
    Бұған дейін аталған челленджге Қасым-Жомарт Тоқаев, әнші Димаш Құдайберген, ресейлік сазгер Игорь Крутой, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов, Alibaba Group интернет-корпорациясының құрушысы Джек Ма қатысты.

    қатысты посттар

    «Жиіркенемін»: Түсіпбаева марқұм Жанар Хамитоваға ән арнағандар туралы айтты

    Фариза

    Қымбат Әбілдина депутат Гүлжан Қарағұсованың қарттарға үй салу ұсынысына жауап берді

    Абайдың «қара сөздері» мен Балғынбектің «жаңа сөздері» немесе Балғынбек 21 ғасырдың Абайы атана ма?

    Пікір қалдыру

    twelve − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.