14 C
Алматы
Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Спорт

    21 жастағы Бекзат бокстан әлем чемпионы атанды (видео)

    Қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен 2019 жылғы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Neonomad.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

    Финалда 81 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрдәулетовтің қарсыласы өзбекстандық 20 жастағы Дилшодбек Рузметов болды. Екі боксшы үшін де бұл – әлем чемпионаты карьераларындағы дебют.

    Әлем чемпионаты-2019 кезінде финалға шыққанға дейін Нұрдәулетов оңтүстіккореялық Хонга Инги, венесуэлалық Корбай Баррера, бразилиялық Кено Мачадо, түрік Байрам Малкан және олимпиада чемпионы Хулио Сесар ла Крусты жеңді.

    Қазақстандық Мачадодан басқасының бәрін нокдаунға жіберді. 21 жастағы Нұрдәулетов 20 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан бірінші болып шықты. Әзірге ақтаулық боксшының қанжығасында 2016 жылғы жастар чемпионатында алған қола бар. Мұнымен қатар, 2009 жылдан бастап 81 килограмға дейінгі салмақтағы алғашқы чемпион.

    қатысты посттар

    “Бізді кәсіби маман емес деп айыптау күлкілі…” – Елеусіновтің командасы Головкинге жауап берді

    Головкин “P4P рейтингінің нағыз патшасы” және “Канелоны” жеңді деп мойындалды

    Қазақстанда спорт университетін ашу ұсынылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven + 20 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.