-0.1 C
Алматы
Вторник, 13 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Спорт

    «Канело» мен Сергей Ковалев жекпе-жек алдындағы алғашқы кездесулерін өткізді

    Жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Сергей Ковалев пен орта салмақта WBC және WBA чемпионы Сауль Альварес жекпе-жек алдында көз арбасты, — деп хабарлайды Allboxing.

    Көз арбасу рәсімі Лос-Анджелестегі баспасөз мәслихаты кезінде болды. Титул үшін жартылай ауыр салмаққа көтерілейін деп отырған 29 жастағы «Канело» бұл карьерасындағы ең ауыр жекпе-жек болатынын айтты. «Қазір біз тарихқа енуге дайынбыз. Қолымнан не келетінін рингте көрсетемін», — деді Альварес.

    Ал 36 жастағы Ковалев қарсыласын қазіргі уақытта бокс әлеміндегі үздіктердің бірі деп бағалады. «Бұл карьерамдағы үлкен сынақ деп ойлаймын. Жекпе-жекті қуана әрі тағатсыздана күтіп жүрмін. Қолдауларыңызға рақмет», — деді ресейлік боксшы.

    Ковалев — Альварес жекпе-жегі 2 қарашада Лас-Вегастағы MGM Grand Arena-да өтеді. Боксшылар Ковалевке тиесілі WBO титулын сарапқа салады. «Канело» жеңсе, карьерасындағы төртінші салмақты бағындырады.

    қатысты посттар

    Атырауда танымал спортшыны өлтіріп кетті

    Фариза

    Аяқ-қолынан айырылған чемпион өміріндегі адам шошырлық жайттарды әңгімеледі

    «Головкиннің әрекеті оның деңгейіне сәйкес келмейді…» — Елеусінов Головкинмен арадағы дауға нүкте қойды

    Пікір қалдыру

    nine − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.