21 C
Алматы
Сенбі, 4 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    “Жалақыны екі есеге өсіру” Министр “Педагог мәртебесі туралы” заң жобасын таныстырды

    Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәжілісте “Педагог мәртебесі туралы” заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz порталына сілтеме жасап.

    Жаңа заң жобасында қандай жеңілдіктер қарастырылған?

    “Педагог мәртебесі туралы” заң жобасы 19 баптан тұрады. Білім министрі мұғалімдердің өмірін жеңілдететін құжаттың маңызды тұстарына тоқталды.

    Жалақы, қосымша ақы, еңбек демалысы

    “2024 жылға қарай білім беру саласында істейтін 500 мың мұғалімнің жалақысы екі есеге өседі”, – деді министр мәжілісте заң жобасын таныстыру барысында.

    Аймағамбетовтің айтуынша, бүгінде ұстаздардың жалақысы еліміз бойынша орташа жалақы деңгейінен төмен, небәрі 110 мың теңге.

    “Ал енді жоғары оқу орнын бітірген жас мамандардың айлығы 70 мың теңгені құрайды. Бұл, әрине, жеткіліксіз. Сондықтан президенттің тамыз конференциясында берген тапсырмасына сәйкес, алдағы төрт жылда жалақыны екі есеге өсіру жоспарланып отыр. Бұл келесі жылдан бастап олардың еңбекақысы 25 процентке ұлғаяды деген сөз”,- деді ол.

    Сондай-ақ сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін қосымша ақы екі есеге өсіріледі. Бұдан бөлек, педагогикалық шеберлік үшін де үстеме төленеді.

    “Барлық педагог үшін еңбек демалысын 56 күнге ұзарту, тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеу қарастырылып отыр”,- деді Аймағамбетов.

    Жаңашылдықтың бірі – магистр дәрежесі үшін 10 АЕК (25 250 теңге – Sputnik) мөлшерінде қосымша ақы төлеу.

    Артық жұмысқа тартқандарға жаза

    Заң жобасында мұғалімдерді артық жұмысқа тартуға тыйым салу арқылы педагогтің жүктемесін азайту көзделіп отыр.

    “Ұстазды артық жұмыс пен есепке жеккендерге 20 АЕК-тан 120 АЕК-қа дейін (50 500-ден 303 000 теңгеге дейін) айыппұл салынады. Жұмыс уақытының нормасын заңсыз асырғаны үшін де дәл осындай айыппұл қарастырылған”, – деді министр.

    Сонымен қатар, мектептерде, балабақшаларда, жетім балаларға арналған білім мекемелерінде балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру талаптарын бұзған лауазымды тұлғалар әкімшілік жазаға тартылады.

    Кімдер мұғалім бола алмайды?

    “Бұдан бөлек, іс-әрекет қабілеті шектелген, психикалық және мінез-құлық ауруларымен бақылауда тұратын адамдардың педагогикалық қызметпен айналысуына тыйым салынады. Бұл норманы бұзғандарға айыппұл салынады”,- деді Аймағамбетов.

    Сондай-ақ 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап алғаш рет кәсіби қызметіне кіріскен адамдар педагог біліктілігіне сәйкестігін растауы тиіс.

    Басқа да жеңілдіктер

    “Педагог мәртебесі туралы” заң жобасына сәйкес, енді мұғалімдердің балаларына балабақшадан бірінші кезекте орын беріледі.

    Ұстаздар үшін “Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы” мемлекеттік марапатын бекіту көзделіп отыр.

    Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру, ауыл мұғалімдерінің еңбекақысын арттыру, “Үздік педагог”, “ЖОО-ның үздік оқытушысы” гранттары сияқты әлеуметтік кепілдіктер де заң жобасында сақталған.

    қатысты посттар

    Қазақстанда ешқандай қос билік жоқ – Тоқаев

    Фариза

    «Неге ұйықтап жүрсіз?». Нығматулин министрден есеп алды

    Фариза

    Экс-президенттің қызының адам шошырлық қылмыстары әшкере болды

    1 пікір

    Тургын Турысбеков 20/10/2019 at 16:43

    Бұл заң кешігіп шығып жатыр.
    Көп тәжиребиесі мол және шығармашылықпен жұмыс жасайтындар басқа салаға ауысяп кетті.

    Жауап беру

    Пікір қалдыру

    ten + 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.