-0.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    «Өзін берді ғой, адамдар үшін» Марқұм болған жүргізушінің анасы баласын кінәләмауды сұрауда

    Қара жамылған отбасы ешкімге кінә артпайды. Сотқа да шағым түсірмейді. Тек «жолаушыларды құтқарам» деп құрбан болған ер-азаматқа еш айып тағылмаса деп соңына дейін тілейді.

    Шамалғанда пойыз соғып, мерт болған автобус жүргізушісінің қара жамылған анасы Симизар Саракова өздерінің ешкімді кінәламайтынын, ешкімді сотқа бермейтінін, тек «жолаушыларды құтқарамын» деп өзін құрбандыққа шалған баласына ешқандай айып тағылмаса деп тілейтінін жеткізді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасы сілтеме жасап.

    «Жантүршігерлік теміржол апатынан шошып қалған Алматы облысындағы Шамалған бекетінің тұрғындары шенеуніктерден көпір салып беруді талап етті. Ондаған адам кеше елдімекендегі әкімдік ғимаратының алдына жиналды. Олар апат болған өткелде сағаттап кептеліп тұрудан мезі болғанын айтады. Жұрттың мұң-мұқтажын тыңдаған билік өкілдері көпір тұрғызылатынын мәлімдеді. Тек оның нақты қашан жасалатыны белгісіз. Ал қаза тапқан жүргізушінің анасы баласын ешкім кінәламауын сұрайды. Шамалған бекетінде қордаланған түйткіл көп. Соның ішінде жұрттың жанына қатты батқаны – автокөлік пен темір жолдың түйіскен тұсындағы жағдай. Шойын жолмен күніне 70 пойыз жүріп өтеді. Сол кезде шлагбаум 10-15 минутқа жабылады. Ал, бұл жерден бір күнде өтетін машина саны 14 мыңға дейін жетеді. Сол себепті жұрт өткел арқылы жолдың бір бетіне шығу үшін сағаттап кезекте тұрады. Әсіресе таңертең және кешке қиын. Екі күн бұрынғы қайғылы оқиғадан соң тұрғындар өткелге жақындаудан да қорқып қалған. Сондықтан бүгін ондаған адам жиналып атқамінерлерден тез арада көпір салып беруді талап етті», — дейді телеарна тілшісі.

    Сәуле Есенғалиева, Шамалған бекетінің тұрғыны:

    — Өткелде әрдайым көлік кептеліп тұрады. Балаларымыз таңертең сағат 5-6-да шығып кетеді, өзіміз шығарып саламыз. Кешкісін балаларымыз үйге кіргенше, 12-ге дейін бізге ұйқы, тыныштық жоқ. Оның үстіне, қауіпті өткелде қайғылы оқиға көп болады.

    Ділдәш Бекбаева, Шамалған бекетінің тұрғыны:

    — Былтыр шамамен 8-сыныптың оқушысы ма, мына жерде қыз баланы басып кетті. Қанша адамдар! Сол жағдайды неше жылдан бері ойлау керек еді ғой!

    Ал шенеуніктер іске енді білек сыбана кіріскендей. Бүгін халықпен кездесуге облыс әкімінің орынбасары келді. Ол көпір құрылысының қолға алынғанын мәлімдеді.

    Бағдат Мәнзоров, Алматы облысы әкімінің орынбасары:

    — Үлкен айналмалы көпір түсіретін болып келісіп жатырмыз. Соған, міне, жұмыс бүгіннен басталды деп есептейміз. Ертеңнен бастап тексеру жұмыстары болады. Жерді тексереді, оның өзінің жобасы жасалады. Мүмкін жаңа жылға дейін жобаны бітірсек, жаңа жылдан кейін салына ма… Неғұрлым тездетеміз.

    Жүргізушілер пойыздың өтіп кетуін күтпей-ақ емін-еркін жылжитын күннің қашан туатынын билік өкілдері нақты айта алмады. Ал құрғақ уәдеге жылдар бойы тойып біткен жұрт құрылысты сағызша созбауды сұрады.

    Сметалық құжатқа көп уақыт кетпейді. Бір-ақ айда жасайды. Ақша бөлінеді. Миллиардтап ақша бөліп жатқанда, адам өліп жатқан жерді бірінші жасау керек.

    «Халықтың наразылығы жантүршігерлік апаттан соң күшейген болатын. Жексенбіде аталмыш өткелде тұрған автобусты жүйткіген пойыз соғып өтті. Ресми мәлімет бойынша, отарба өткелге жақындаған кезде дыбысты сигнал қосылып, бағдаршамның қызыл түсі жанған. Алайда жолда көліктер кептеліп тұрғандықтан, шлагбаум аяғына дейін түспей қалады. Осы сәтте автобус өткелге шығып кеткен көрінеді. Оқиғадан 3 жолаушы зардап шеккен. Олардың жағдайы әлі де аса ауыр. Ал қоғамдық көлік жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кетті. Қайғыдан қан жұтқан марқұмның жақындары ол «жолаушыларды құтқарамын деп құрбан болды» деп есептейді», — дейді телеарна тілшісі.

    Симизар Саракова, марқұмның анасы:

    — Менің баламды ешкім кінәламасыншы. Ол өзінің жұмысын атқарды ғой. Өзін берді ғой, адамдар үшін. Сол адамдар үшін менің балам құрбан болды ғой. Сол адамдарды түсірем деп құрбан болып отыр ғой.

    Қара жамылған отбасы ешкімге кінә артпайды. Сотқа да шағымданбақ емес. Десе де, елдің есін шығарған оқиғаға кінәліні тергеу анықтауы тиіс.

    қатысты посттар

    «Денесінің 90%-ы күйіп қалған…» — жас жігіт ғашығын қызғаныштан өртеп жіберді

    Адамдар зардап шегіп, үйлер қираған: Аягөзде қатты дауыл тұрды (фото, видео)

    Фариза

    Қазнет қолданушыларын жасөспірімдердің әрекеті ашуландырды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 − seventeen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.