Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Дін

    “Террористер Каспий маңында өзін-өзі жариялаған республика құрды”

    Ресей полигондарында жеті елдің 130 мыңға жуық әскери қызметшісі қатысты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі bugin.kz порталына сілтеме жасап.

    Оқу-жаттығудың аңызы бойынша, террористер Каспий маңындағы Ресей шекарасына жақын жерде өзін-өзі жариялаған республика құрды. Экстремистермен күресуге жүз мыңнан астам әскери және 20 мың дана техника жұмылдырылды.

    Оқу-жаттығуларға Ресей әскерилерімен қатар Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Пәкістан әскери қызметшілері де қатысуда.

    Оқу-жаттығулары аясында “Искандер-М” жедел тактикалық зымыран кешендерінің топтары Свердлов облысынан Қазақстанда орналасқан “Сарышаған” полигонына ауыстырылды.

    Сондай-ақ, қазақстандық әскерилер Каспий теңізінде жаттығу өткізуде – Қазақстан тарапынан “Қазақстан”, “Орал”, “Сарыарқа” және “Маңғыстау” зымыран-артиллериялық кемелері жұмылдырылды.

    қатысты посттар

    Ана құрсағындағы бала үшін де пітір беріле ме?

    Фариза

    Дін жетпеген жабайы адамдардың о дүниедегі жағдайы не болады?

    БИЫЛ РАМАЗАН АЙЫ 13 СӘУІРДЕ БАСТАЛАДЫ (ФОТО)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.