-3.3 C
Алматы
Суббота, 28 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Елордада таксидегі жанұшыра айқайлаған қыздың дауысын полицейлер естіп көмекке келді

    Такси жүргізушісі мен жолаушы арасында ұрыс шығып, ер адам әйелге қол жұмсаған. Полиция бұл фактіге қатысты іс қозғады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz порталына сілтеме жасап.

    Нұр-Сұлтанда такси жүргізушісі көлігінде отырған жолушыны соққыға жықты. Екеуі сөзге келіп қалып, ер адам 31 жастағы қызға тап берген, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Жанұшыра айқайлаған қызға жақын маңда жүрген полицейлер көмектескен.

    «Таксиде отырған қыздың айқайлап жатқанын естіген полицейлер оқиға орнына дереу жетеді. Белгілі болғандай, екеуінің арасында ұрыс шығып, такси жүргізушісі жолаушыны соққыға жыққан», — деп хабарлады полициядағылар.

    Құқық қорғау органдарының қызметкерлері такси жүргізушісін полицияға жеткізген. 52 жастағы ер адамның үстінен әкімшілік іс қозғалады.

    қатысты посттар

    Ішкі істер министрі дәрігерлерді тергеудің не себепті Экономикалық тергеу қызметі жүргізгенін түсіндірді

    Фариза

    «Жала жауып отыр»: Өгей анадан қорлық көрді деген үш қыз ешкім күтпеген мәлімдеме жасады

    «3 көлік ыстық суға батып қалды» Алматы көшелерін ыстық су басты (видео)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    six − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.