15 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Шымкентте кәмелет жасқа толмаған бойжеткенді зорлап, видеога түсіргендендерге сот үкімі шықты

    Шымкентте бірге оқитын курстасын зорлап, оны таспаға түсіріп, қыздан ақша бопсалағандарға сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі “Отырар”-ға сілтеме жасап.

    Қаладағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелет жасқа толмаған бойжеткенге зәбір көрсеткен қос жігітті 5 жылға бас бостандығынан айырды.

    Еске салайық, оқиға былтыр 21-қазанда, сағат 13-00 шамасында болған. Қасына досын ерткен 17 жастағы жігіт өзімен бір топта оқитын қыздың үйіне қонаққа барады. Бойжеткеннің үйінде ата-анасы жоқтығын пайдаланған олар қызға қитұрқы ұсыныстарын айтады. Оның үзілді-кесілді бас тартқанына қарамай, әлгі жолдас жігіт екеуі оны сол мезет зорлаған.

    Жігіттер онысын видеоға түсіріп, әлеуметттік желіге жариялаймыз деп, қызды бопсалаған. Осы қылмыстық әрекеттерді ескерген судья “зорлау” және “бопсалау” бойынша қос бірдей баппен жаза тағайындап отыр.

    “Кәмелетке толмаған екі сотталушы ҚР ҚК 120-бабының 3-бөлігі 3-тармағымен және 194-бабының 2-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылған. Оларға жалпы 5 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді деп белгіледік. Қазіргі таңда бұл үкім күшіне енген. Яғни, бұл үкім өзгеріссіз қалдырылады”, – дейді Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбинұр Қарабаев.

    қатысты посттар

    “100 миллионнан асады”: Арыс тұрғыны шығынын өтеуді талап етуде

    Жамбыл облысы әкімі шешімінің жобасы жарияланды

    Фариза

    Жергілікті қазақтар «Басқа жол салып беріңіздерші, бұл жолды дұңғандар алып қойды, өткізбейді» деп шағым айтты

    Пікір қалдыру

    17 + 19 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.