-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қорлық көрген бір үйдің 4 баласы әкелерінің қайыршылаққа салғанын айтып ашынуда

    КТК арнасындағы Астарлы ақиқат бағдарламасына бір үйдің төрт баласы хабарласып, аналары қайтыс болғаннан кейін әкелерінің басқа әйелдің етегінен ұстап кеткенін айтқан болатын. Дегенмен, әкелері 13 жастағы қызын үйден ұрлап кетіп, сонымен бірге, барлық балаларынан бөлек тұрып, сондай-ақ оны қайыршылыққа салған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Бағдарламаға келген кәмелет жасқа толмаған балалар аналары ауырып, көз жұмғаннан кейін әкелерінен де айырылып қалғандай күн кешіп жүргендерін айтты.

    Олар әкелерінің басқа әйелдермен сөйлесіп, балаларын мүлде ойламай кеткенін айтты.

     

     

     

     

    «Басқа әйелдермен сөйлеседі. Ештеңемен көмектескен емес. Қорғаныш ретінде қасымызда болса екен деп едім, бірақ келмеді.

    Анам қайтыс болғаннан кейін мүлде жоғалып кетті. Өзіміз поляда жұмыс істеп күн көрдік, папамның әпкесі өзіне тартып, кейіннен жақтыртпаған соң, квартираға шығып кеттік.

     

     

     

    Телефонына тыныштық болмайтын. Әйелдер бірінің артынан бірі звондайтын. Бізге ешқашан жылулық сыйламаған.

    Бізден бөлек тағы бір сіңліміз бар. Соны алып қашып кетті. Қазір соның жанында жүр», — деді үлкен қыздардың бірі.

    Сонымен қатар, ер адамның туыстары әкесі өзімен алып кеткен 13 жастағы қыздың мешітте қайыр тілеп жүргенін көріпті.

    Әкесі бағдарлама барысында мұны жасырып баққанымен, қыздың өзі бұл сөздерді растады. Сондай-ақ, ол әкесімен емес, әпкелерімен тұрғысы келетінін де айтты.

     

     

     

     

     

    «Мені әпкелеріме апар деймін. Бірақ күнде ертең апарамын дей береді», — деді қыздың өзі.

    Жасөспірім жүргізушінің бірқатар сұрақтарына қиналып жауап берді. Оның сөзінше, ол расымен де мешітте қайыр тілеп жүрген. Сондай-ақ, барлық оқушылар секілді мектепке де әлі бармапты.

    13 жастағы қыз Саяхаттың маңында күніне мың теңге төлеп, жалдамалы пәтерде тұрып жатқанын сөз етті. Айтуынша, ол әкесімен бір бөлмелі үйде тұрып, бір төсекте жатады екен.

    Ал ер адам жұмыстарымен шығып, баласын үйде тастап кеткенде, оған үйдің иесі тамақ беріп, қарап қалады екен.

    Балалар мен әкенің бір-біріне таққан айыбын естіген бағдарлама ұжымы соңында 102-ге хабарласып, ер адамды құқық қорғау органдарына тапсырды.

     

    олдоь

     

     

     

     

     

     

     

    Мұны көрген желі қолданушылары: Айналайын бізде бизнесмен жігіттер барғои көмектесіңдер бірігіп баспана жағдай жасауға ,жетімін жылатпаған ел едік ,елдігімізді көрсетеиік, халайык, жүректі ауыртатын жағдай, Кудайым ау караусыз калган уйде калай турады екен  ешким тими ма екен коркынышты гой кудайым жар болшы, Ондай акенин барынан жогы,Əкенің жақындығы жездедеиақ деген осы ғои көзімнен жас тоқтамаи кетті ғои жандарымай, — деп әке атына безген адамның әрекетіне ашуланып, қараусыз қалған балалардың болашағына алаңдаушылық білдіруде.

    қатысты посттар

    Ақтаулық келіншекті зар жылатты: Қымбат Досжанның хабары жұртты шошытты

    Фариза

    Bek Air басшысы билет ақшасын қашан қайтаратындарын айтты

    Фариза

    Шымкентте қылмыс саны азайған. Полицейлер 3 тәулікте 48 пәтер ұрлығын ашты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.