5 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Саясат

    Қарағұсова: Біз қанша сұраса да, бере саламыз…

    Парламент мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсова бюджет қаражатын дұрыс жұмсаудың маңыздылығын еске салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

    Оның айтуынша, республикалық бюджеттен қаржы толығымен бөлінеді. Бүкіл қаражат министрліктердің сұрауы бойынша таратылады. Алайда бюджет қаржысын тиімді жұмсау және игеру жағынан біраз сұрақтар бар.

    “Біз қанша сұраса да, бере саламыз. Әлемнің бар ақшасын жұмсауға да болады. Дегенмен, осы орайда маңызды бір сұрақ туындайды. Одан не өзгереді? Ақшаның бөлінгенін әр азамат қалай біледі? Халық жағдайдың жақсарғанын қайдан көреді? Біраз қаражат бөлінді ғой. Тағы ескертейін, мемлекеттің қаржысы – ол біздің ақшамыз, біздің салығымыз. Иә, әкімдер мен тағы басқалары сұрайды. Олардың да үлесі (салық төлеу бойынша – Sputnik ) бар, бірақ көп емес”, – деді Қарағұсова 2020-2022 жылдарға арналған бюджетті талқылауға арналған жиында.

    Депутаттың айтуынша, парламентте отырғандар – ең алдымен Қазақстан азаматтары, олар да тиісті салықтарды төлейді, міндеттерін жауапкершілікпен атқарып жүр.

    Сондай-ақ Гүлжан Қарағұсова бұл мәселеге неге назар аударғанын айтып өтті. Оның пікірінше, бюджеттен қомақты қаражат бөлінгенімен, сол ақшаның қайтымы аздау.

    қатысты посттар

    “Өтірікші, халықты күштеп көндіріп, өз билігін өлгенше сақтап қалуға тырысумен өткендер шын жеңімпаздар емес” – Досым Сәтпаев

    Есінен танып қалған президент коронавирус жұқтырған болуы мүмкін

    Мұхтар Жәкішевтің соттағы соңғы сөзі

    Пікір қалдыру

    nine − four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.