-5.1 C
Алматы
Пятница, 15 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Экономика

    Желге ұшқан теңге… Халықта неге монета жоқ?

    Бүгінде еліміздің біршама дүкендерінде монеталар жетіспеушілігі орын алуда. Яғни, көптеген супермаркет, минимаркеттерде 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100 теңгелік монеталардың жетіспеушілігінен кассада адамдарға қызмет көрсету, оларға ақша қайтару бойынша біршама қиындықтар туындауда. Осы мәселе қатысты Qazweek.kz ақпарат агенттігінің тілшісі зерттеу жүргізіп көрді.

    Монеталар дефициті бірнеше күн бұрын Шымкент қаласында байқалған болса, бүгінде Алматы дүкендерінің есігінен «Монеталардың жетіспеушілігінен ақша қайтаруда біршама қиындықтар туындап отыр» деген жазуды кездестіруге болады.

    Мәселенің ақ-қарасын анықтау үшін дүкендегі кассирлерден бұл мәселенің салдарын сұрап көрген болатынбыз. Олардың айтуынша, Ұлттық банк тиын монеталар бермей жатыр екен.

    «Қазір бізде ақша қайтару мәселесінде қиындық туындап отыр. Монеталардың жетіспеушілігінен қолма-қол төлемге ақша қайтаруда проблема бар. Бізге Ұлттық банктен монеталар берілмей жатыр, сондықтан да қазір критикалық жағдайда отырмыз», — дейді сатушылардың бірі.

    Дүкенге келген тұтынушылардың бірі әңгіме арасында монеталардың жетіспеушілігі – оларды латын әліпбиіне ауыстырған нұсқасын жасап шығаруға байланысты екендігін айтып қалды.

    «Өткен жылы латын әліпбиі қабылданған болатын, соған байланысты ұлттық монеталарды да латын әліпбиімен қайта жасап шығаруда, алайда монеталардағы сөзде қандай да бір қателік кеткен. Сол себептен де ол монеталар әлі айналымға түскен жоқ», — дейді тұтынушы.

    Айта кетейік, Шымкент қаласында дәл осындай мәселе туындаға кезде Ұлттық банктің облыстық филиалының директоры Әнуар Ботанбеков былай деп жауап берген болатын:

    «Иә, қазір елімізде монеталармен проблема болып отыр. Қазақстанда өте ірі көлемде латын әліпбиімен жазылған монеталар шығарылған және олар екінші деңгейлі банктер мен Қазпочтаға 366, 3 млрд теңге бөлінген болатын. Оның ішінде 250 млн монета айналымға жіберілді».

    Иә, латын әліпбіинде жазылған монеталар төңірегінде біршама дау туындап, әлеуметтік желіде біраз талқыға салынған болатын.

    Монеталық дефицит мәселесіне қатысты экономист Мақсат Халықтың пікірін сұраған болатынбыз. Оның ойынша, монеталардың жетіспеушілігіне бүгінгі таңда халықтың картамен төлем жасау тәсілін кеңінен қолданатындығы да себеп болуы әбден мүмкін.

    «Қазір халықтың басым бөлігі кез келген жерде карталық төлем жасау тәсілін қолданады. Себебі ол өте тиімді әрі әрбір төлемнен бонустар түсіп отырады. Мұның қаншалықты қолайлы екендігін білген соң көпшілік халық қолма-қол төлемге қарағанда, картамен төлеуді жөн көреді. Менің ойымша, аталмыш проблеманың негізгі факторі – осы.

    Картамен төлем жасаудан мемлекет те, халық та ешқандай зиян шекпейді. Керісінше, мұндай төлем жасау арқылы біз уақытты үнемдейміз, бонустарға ие боламыз және қолма-қол ақшаға қарағанда картамен төлем жасау тәсілінде ақша айналымының тазалығы болады. Бұл еліміздің экономикасына да едәуір пайдалы болмақ», — дейді экономист Мақсат Халық.

    Иә, карталық төлем жасау әрине қолайлы, дегенмен еліміздің барлық дүкенлерінде ондай жағдай жасалмағаны да белгілі.

    Қаржыгерлер халықты монеталарды қағаз купюраларға ауыстыруға кеңес береді. Ал Ұлттық банк өз кезегінде, сатушылар мен дүкен иелеріне ірі купюраларды әр қаладағы банк бөлімшелеріне барып жаңа монеталарға ауыстыруға ұсыныс білдірді.

    Айта кетейік, купюраларды қабылдаудан немесе ауыстырудан бас тартқан жағдайда банкке 125 мың теңге көлемінде айыппұл салынбақ.

    Жаңа монеталар шықты, айналымға енді… Ендеше мәселе неде? Осыған байланысты Ұлттық банкке сауал жолдаған болатынбыз, әзірге олардың жауабын алу мүмкін болмады.

    Назерке Лабихан

    қатысты посттар

    «Халықтың көпшілігі тақыр кедей, жоқшылықтан көз ашпайды» — депутаттар дабыл қағуда

    Министр баспана қымбаттауына не себеп болғанын айтты

    Фариза

    Тоқаев экономикалық өсімді қалпына келтіру мен халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуді қолға алды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    12 − ten =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.