-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Кара шанырак ҚазҰУ-ға 85 жыл

    Биыл Қазақстандағы Қара шаңырақ, ең үздік Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне биыл 85 жыл толып отыр.

    Қазақ ұлттық университеті өзінің негізін 1934 жылы 15 қаңтарда қалағаннан бастап Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау — көзі болды.

    Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк қызмет атқарады: 2000-нан астам профессор, докторлар, ғылым кандидаттары мен философия докторлары, 100-ден астам академиялардың академиктері, 30-ға жақын Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткерлері, 30-дан астам Қазақстан Республикасының мемлекеттік және атаулы сыйлығының лауреаттары, сондай-ақ 40 жас ғалымдар сыйлығының лауреаттары мен 45 мемлекеттік ғылыми стипендиялардың стипендианттары еңбек етеді. Университетте 25 мыңнан астам студент пен көпсалалы жоғары кәсіби білім жүйесі бойынша магистранттар білім алуда.

    «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Елбасының «Ұлы дала­ның жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласының басты тұжырымдарын ұстаным тұтқан ұлттық университеттің маңызды міндеті – тек бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау ғана емес, сонымен бірге еліміздің ертеңгі тұлғаларына айналар жас ұрпақтың рухани болмысын қалыптастыру. Әл-Фараби атап өткендей: «Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы» деген ойдың негізінде сту­дент­тердің бойында білім мен тәрбие қатар ұштастырылуда.

    ҚазҰУ университет қабырғасында білім алып жүрген әрбір студенттің жоғары білім мен рухани азық жинауына жан-жақты жағдай жасап отыр.

    Болатжан Әл-Фараби Нұрбекұлы

    ЖЫЛУ ФИЗИКАСЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ФИЗИКА КАФЕДРАСЫ

    Физика-техникалық факультеті

    Техникалық физика мамандығының 2 курс магистранты

    қатысты посттар

    Таразда пойыздың үстінде сэлфи жасамақ болған жасөспірім ажал құшты

    Фариза

    Қазақстанның жаңа Үкіметі қалай өзгерді?

    Қостанай облысында білім бөлімінің бастығы асылып өлді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen + nineteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.