-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Конституция күніне орай тараздықтарға пәтер кілттері табысталды

    Биыл Қазақстан Конституциясының қабылданғанына 24- жыл. Бұл мереке қарсаңында Жамбыл жерінде үлкен қуаныштар болып жатты. Солардың бірі халықты баспанамен қамту мәселесінің оңтайлы шешілуі еді. Себебі, жыл сайын қала халқының саны артып, тұрғын үйге деген сұраныстың көбейгендігі белгілі. Бұл тұрғыда облыс билігі жыл сайын жаңа салынған мөлтек аудандардан жастарды жаңа үйлермен қамтып келеді. Солардың бірі күні кеше «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 15-ші шағын ауданда 80 пәтерлі 9 қабатты үйдің ел игілігіне берілуі болды. Осынау оңды істердің барлығы әлеуметтің әлеуетін әлді ететін ауқымды шаралардың жарқын көрінісі деп айтуға толық негіз бар.

    Әр адам үшін өз үйінің ерекше мәні бар. Тәуелсіздік жылдары елімізде Елбасының басшылығымен Қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Соның ішінде қалада жаңадан соғылып жатқан 15 шағын ауданда орналасқан жер бірнеше жыл бұрын ашық дала болатын, ал қазір ол жерлер жаңа тұрғын үйлер бой көтерген шағын ауданға айналды. Президенттің бес әлеуметтік бастамасы бойынша жарияланған басты мақсаттардың бірі – халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету. Осы мақсатта «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы жалпы 17,6 млрд. теңгеге барлығы 30 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін 28 көпқабатты тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспарлануда. Осының барлығы ойдағыдай жүзеге асқан кезде 4000 мыңға жуық Әулиеаталық отбасы пәтермен қамтылады деген сөз. Олардың дені жас отбасылар, жас мемлекеттік қызметкерлер болатындығы даусыз.

    Сонымен қатар, көпбалалы отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында 120 көпбалалы отбасыларына пәтер кілті табысталды. Жыл соңына дейін 493 көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда. Олардың көбі демеушілер есебінен екендігін де ұмытпаған жөн. Себебі, мемлекет ақшасын үнемдеу мақсатында жағдайы төмен отбасыларға жеке кәсіпкерлердің де қол ұшын созу жағдайлары қазір қоғамда жүріп жатыр.Кезегі келгенге дейін көпбалалы отбасылардың тұрғын үй мәселесін уақытша шешу үшін 612 пәтерлі 12 жатақхана құрылысына тиісті қаражат қарастырылып, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл мәселені биылғы жылдың басында ғана облыс әкімі көтеріп, кейін ол бірден іске аса бастаған болатын. Ал, Ата заң күні мерекесіне орай пәтер кілттерін тапсыру рәсімінде бір сәтте 200- отбасының қоныс тойын тойлауы көпшілікті қуантқандығы рас. Себебі, үйі бардың- күйі бар. Мереке қарсаңында қолына кілт алғандардың көбісі бұрын пәтер жағалап жүрген азаматтар екенін ескерсек, енді олардың болашағына еш алаңдамай, еліміздің дамуына ат салыса берулеріне болады.Өйткені, мемлекет жастарға жан-жақты көмектесіп жатыр.

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: Жалпықалалық сенбілікке 30 мыңнан астам адам қатысты

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: Кавасаки ауруы бар балалар тіркелген жоқ

    Фариза

    Қызылорда облысында соңғы 10 күнде 45 той өткізу фактісі анықталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    7 + eleven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.