-13.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Қоғам

    Жамбыл облысында «Облыстық сот» пилоттық жобасы жүзеге асты

    Статистикалық мәліметтерге сәйкес, еліміздегі тұрмыс құрған отбасылардың 30 пайыздайы қайта ажырасады екен. Бұл қоғам үшін қауіпті үрдіс. Себебі, отанның өзі отбасыдан басталады. Сол үшін де қазір отбасы, ошаққасының әңгімесін сотқа жеткізбей, бейбіт жолмен немесе медиация заңы арқылы реттеу мәселесі көтеріліп келеді. Бұл еліміздің болашағы жастар арасындағы отбасылық құндылықтарды құрметтеуге, ажырасуды болдырмауға өз көмегін тигізуі тиіс. Осы өзекті мәселенің азда болса алдын алу үшін аймақта тұңғыш рет «Отбасылық сот» пилоттық жобасы қолға алынған болатын. Үйлестіруші сарапшы мамандар жаңа бастама сәтті болып, өз нәтижесін бере бастады деп отыр. Аталған мәселені талқылау жағы да қазір жиі өтеді. Мәселен: Сондай кездесу Жамбыл олыстық сотында өтті. Онда «Отбасылық сот» институтының қалай жұмыс істеп жатқандығы, тиімділігін арттыру мен қосымша адамдарды тарту мәселесі қаралды. «Отбасылық сот» пилоттық жобасы аясында судьялар алдымен қос тараппен емін- еркін әңгімелеседі. Ажырасу алдындағы кездесуде ерлі -зайыптылардың екіжақты келісімге келуіне ықпал жасайды. Сонан соң «Бастау» жұмыс тобына бағыттайды. Онда әйелі мен күйеуінің не себепті ажырусаға арыз бергендігі зерделеніп, жанұялық құндылықтар сараланады. Осылайша шаңырағы шайқалуға аз қалған отбасыларды қайта татуластыруға сеп болмақ екен. Әрине, татуласу деген жақсы дүние. Алайда, қазіргі жастарда шыдамдылық, бір-бірін түсіну, әлеуметтік жағдайды түзетуге бірігіп ат салысу, ата-анасының екі жасқа екі жақтан моральді тұрғыда көмектесу жағы өкінішке орай азайып барады дейді аталған жиынға қатысушылар. Осыдан да көп шаңырақ шайқалып жатады. Мамандардың мәліметінше, Қазақстанда әр бір үшінші жұп бүгінде ажырасады екен. Бұл қадамға көбіне 30 бен 45 жастағылар жиі баратын көрінеді. Ал, бүгінгі таңда орташа есеппен бір судья күніне 10-15 ажырасуға байланысты істі қарайды. Алдағы уақытта жоба аясында қалалық, облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған әкімшілік, ауданаралық сотының төрағалары, білім бөлімі, ішкі істер органдарының өкілдері мен медиация орталықтарының жетекшілері бірлесе жүзеге асыруға уағдаласты. Жиында жаңа бастаманың тиімділігі жан-жақты талқыланып, мамандар бірқатар ұсыныстарын білдірді. Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Жамбыл облысының аудандары ішінде Меркі ауданында алғаш рет «Отбасын қолдау» орталығы ашылған болатын. Бұл жерде аудан көлемінде жұмыс істейтін қоғамдық кеңес өкілдері мен медиатр ардагерлер жұмыс істейді. Олар келуші жастарға өмірдің мәнісі мен отбасы құндылықтарын, баланың болашағы мен өзге де дүниені айтады. Жалпы, мұндай орталықтың ауданды жерде ашылуының өзі ажырасу тек қаладаға ғана емес, шалғай аудандарда да жиілеп бара жатқандығын көрсетсе керек.

    қатысты посттар

    Ақтауда қашып кеткен сарбаз табылды

    Фариза

    Тараз қаласында толайым тірлік көп

    Фариза

    «Атып тастаса да, обалы жоқ…» Депутаттың сөзі халықтың ашуын туғызуда

    Пікір қалдыру

    seven + twenty =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.