-5.1 C
Алматы
Четверг, 14 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    «Сотта өзі қытай тілінде түсініктеме берді…» — Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайдың соты өтті

    Бүгін Қытайдың Гуанчжоу қалалық сотында есірткі контранбандасы үшін сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың ісін қайта қарау бойынша отырыс өтті, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі. Бұл жайында Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанның дерегіне сүйеніп жазады.

    «Отырыс барысында қорғаушы тарап ұсынған қылмыстық істің материалдары қаралды. Отырысқа қорғаушылар, Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің өкілдері, Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы және аудармашы қатысты. Кездесу сағат 10.00-нан бастап (Гуанчжоу уақыты) 2 сағаттан астам уақытқа созылды», — деп хабарлады министрлік.

    Ақжарқын Тұрлыбайдың денсаулығы жақсы. Сотта өзін-өзі жақсы ұстап, сот тарапынан қойылған сұрақтарға өзі қытай тілінде түсініктеме берген. Үкімнің жарияланатын күні әзірше белгісіз.

    Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдыры

    Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оған шекарадан 4,5 келі есірткі алып өтпек болды деген айып тағылды. Ол кезде отандасымыз 20 жаста еді. 2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, кінәсін мойындаған жоқ.

    Ақжарқын Тұрлыбай 1994 жылы 21 ақпанда туған. Қыздың отбасы Түркістан облысында тұрады. Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетіне оқуға түскен. Үшінші курстан бастап түнгі клубта даяшы болып жұмыс істеп, табыс таба бастаған. Қытайға құрбысына тауар әкелуге көмектесу үшін барыпты.

    Бұған дейін сыртқы істер министрлігі бюдждет есебінен адвокат жалданғанын мәлімдеген болатын.

    «Тұрлыбайдың заңды құқықтарын және мүдделерін сотта қорғау мақсатында «Шетелде Қазақстанның мүдделерін білдіру» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа Бейжіңнің «Дахэн» адвокаттық компаниясынан білікті заңгер жұмысқа тартылды», — делінген хабарламада.

    Түрмеде Ақжарқын Тұрлыбай қасындағы сотталғандарға ағылшын тілін үйретіп жүр. Көркем әдебиеттер оқиды. Дене шынықтырумен айналысады. Қытай тілін жақсы меңгеріп алған.

    қатысты посттар

    Жергілікті қазақтар «Басқа жол салып беріңіздерші, бұл жолды дұңғандар алып қойды, өткізбейді» деп шағым айтты

    АҚШ-та белгісіз адам бір топ адамды қасақана қағып өткен (видео)

    Тірідей өртенген бойжеткеннің өлер алдындағы сөзі…

    Пікір қалдыру

    eleven + 12 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.