15 C
Алматы
Суббота, 4 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Спорт

    «Канелоға жеңіс берген екі төрешіні тұтқындау керек…»

    Америкалық тележүргізуші Бобби Панахи қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (52-1-2, 34 КО) арасындағы екінші жекпе-жектің нәтижесіне тағы да наразылық білдірді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

    Атап айтқанда, сарапшы екінші жекпе-жектің соңында Головкин үстем болғанына қарамастан, төрешілер жеңісті «Канелоға» бергенін еске түсірді.

    «Мен рематчтың 12-раундын қайта көріп шықтым. Жеңісті «Канелоға» берген екі төрешіні тұтқындау керек. Олар «Канело» қарсыласының басына соққы жасағанда ұпай берген, бірақ соққы GGG-дің қолғабына тиген», — дейді Панахи.

    Екінші жекпе-жек төрешілердің шешімімен Альварестің жеңісімен аяқталды. Алғашқы жекпе-жекте боксшылар тең түскен болатын.

    қатысты посттар

    Атырауда танымал спортшыны өлтіріп кетті

    Фариза

    ӘЛИ ТҰРҒАНБЕКОВ ЛИОНЕЛЬ МЕССИМЕН КЕЗДЕСТІ

    Геннадий Головкин өзін ресейлік деп атаған американдық журналистерге қалай жауап қайтарды?

    Пікір қалдыру

    5 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.