28 C
Алматы
Суббота, 12 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Спорт

    «Канелоға жеңіс берген екі төрешіні тұтқындау керек…»

    Америкалық тележүргізуші Бобби Панахи қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (52-1-2, 34 КО) арасындағы екінші жекпе-жектің нәтижесіне тағы да наразылық білдірді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

    Атап айтқанда, сарапшы екінші жекпе-жектің соңында Головкин үстем болғанына қарамастан, төрешілер жеңісті «Канелоға» бергенін еске түсірді.

    «Мен рематчтың 12-раундын қайта көріп шықтым. Жеңісті «Канелоға» берген екі төрешіні тұтқындау керек. Олар «Канело» қарсыласының басына соққы жасағанда ұпай берген, бірақ соққы GGG-дің қолғабына тиген», — дейді Панахи.

    Екінші жекпе-жек төрешілердің шешімімен Альварестің жеңісімен аяқталды. Алғашқы жекпе-жекте боксшылар тең түскен болатын.

    қатысты посттар

    Головкиннің кезекті жекпе-жегі қашан болатыны белгілі болды

    Боксшы Қанат Ислам жазаланды

    Фариза

    Хабибтен жеңілген Порье көз жасын тыя алмады (видео)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 + nineteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.