-3.1 C
Алматы
Понедельник, 24 февраля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес Медиа

    #Abai175: Абайдың өлеңін қытай тілінде оқыған Джек Ма жұртты таңқалдырды (видео)

    Alibaba интернет-корпорациясының негізін қалаушы Джек Ма қазақтың ұлы ақыны Абайдың өлеңін қытайша оқыды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпараттың дерегіне сүйеніп.

    Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің хабарлауынша, Джек Ма ҚР-ның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышевтың эстафетасын қабыл алып, қытай тілінде «Құлақтан кіріп, бойды алар»  өлеңін оқыды.

    «Құрметті достар, мен Джек Мамын. Келесі жылы Қазақстанда қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абайдың 175 жылдығы тойланады. Бүгін мен Қазақстанның Қытайдағы елшісі Нұрышев мырзадан эстафетаны қабыл алып, сіздерге Абайдың өлеңін оқып беремін»,- деді қытайлық миллиардер.

    Соңында, Джек Ма эстафетаны қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге жолдады.

     

    қатысты посттар

    «Менің Жанарға ренішім жоқ…» — Нұржан Керменбаев

    «Қоқысқа тастай салу керек» Асхат Садырбай Димаштың жаңа клипін быт-шыт деп атады

    Фариза

    Тікелей эфирде бауырының көз жұмғанын естіген тележүргізушінің әрекеті жұртты таңқалдырды (видео)

    Пікір қалдыру

    17 − five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.