Суббота, 27 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Су тасқыны салдарынан 3 адам қаза тапты

    Жапонияда су тасқыны салдарынан кем дегенде үш адам қаза тапты, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Толассыз жауған жаңбыр салдарынан, аяғы су тасқынына айналып, Жапонияның оңтүстігіндегі Кюсю аралында лай көшкіні жүруіне алып келуі мүмкін. Билік өкілдері Жапонияның батысындағы үш префектурада (Сага, Фукуока және Нагасаки) 850 мыңға жуық адамды эвакуациялады. Елдің 14 қаласында 335 мыңға жуық ғимарат бұзылғалы тұр.

    Жергілікті БАҚ мәліметінше, көлікте отырған бір адамның қайтыс боғланы туралы айтылады. Сага префектурасында оның көлігін су шайып кеткен. Осы өңірде тағы бір әйел өлі табылған. Сондай-ақ, Фукуока префектурасында үшінші адамның қайтыс болғаны айтылады.

    Осы аймақта сағатына 100 миллиардтан аса жауын түскен. Соның салдарынан өзендер арнасынан асып, бірнеше префектураны су басты. Жолдарды, темір жол станцияларын, қоғамдық көлік жолдарын, метроны және сауда орталықтарын су шайды.


    © REUTERS

    Билік өкілдері көмектесу мақсатында су басқан аймаққа әскер жіберілгенін хабарлады.

    қатысты посттар

    Алматыдан ұшып шыққан Air Astana ұшағы әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды

    Фариза

    Алматы мен Нұр-Сұлтан коронавируспен күресіп жатқанда, Қызылорданың тас талқаны шықты

    Фариза

    АҚШ-та елімізде туған жеткіншек қаза тапты: Марқұм туралы тың ақпараттар пайда болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fourteen + 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.