-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Дін

    «Балаларымыз мектепке дейін орамалмен барады, мектептің жанында шешеді» Хиджап дауы тағы да көтерілді

    29 тамызда Ақтөбеде бір топ ата-ана облыстық әкімдікке барып, балаларын мектепке хиджаппен кіргізуді талап етті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Азаттыұ радиосына сілтеме жасап.

    Ата-аналар мектепке балаларын хиджаппен кіргізуді болмаса ақылы мектепте білім алуы үшін бюджеттен арнайы ақша бөліп, оқытуды сұрады. Олар балаларын қымбат мектептерде оқытуға қаражаттары жетпейтінін айтып, «мемлекет балалардың білім алуы үшін ақша бөледі, сол ақшаны ақылы мектептерге бюджеттен төлесін» деді.

    — Билік өзі бас болып, Ата заңды бұзып отыр. Қазақстанда министрліктің ережесі Ата заңнан жоғары, — деді конституциялық құқықтары шектеліп жатқанын алға тартқан ата-аналардың бірі Берік Сүлекенов.

    Жиналыс залында уәжін айтып жатқан ата-аналардың бірі Берік Сүлекенов (сол жақта). Ақтөбе, 29 тамыз 2019 жыл.
    Жиналыс залында уәжін айтып жатқан ата-аналардың бірі Берік Сүлекенов (сол жақта). Ақтөбе, 29 тамыз 2019 жыл.

    Келгендер арасында «балаларымыз мектепке дейін орамалмен барады, мектептің жанында шешеді, мәжбүрлікпен істеп отырмыз, бізге қысым жасалып жатыр» деп шағымданғандар көп болды. Ата-аналар арасында тек Ақтөбе қаласы ғана емес, Темір ауданындағы Шұбарши ауылынан, Мұғалжар ауданындағы Қандыағаш қаласынан келген ата-аналар да болды.

    Жиналыс залында наразы ата-аналардың сұрақтарына Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Марат Тоғжанов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова, облыстық діни басқарма басшысы Әлімбек Тұрдалиев жауап берді. Олар «зайырлы мемлекеттің ережелерін сақтау қажеттігін, оқушылардың мектеп формасын сақтау маңыздылығын» айтып, түсіндірді.

    Шамамен бірнеше сағатқа созылған талқылау кезінде екі жақ ортақ мәмілеге келе алмады. Жиналыс соңында ата-аналар ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдайтынын айтып, тарасты.

    Облыстық білім басқармасының дерегінше, 2018-2019 жылғы оқу жылында Ақтөбе қаласында «орамал дауына» байланысты сегіз бала сыныптан сыныпқа көшпей қалған. 11 бала өз бетінше ресейлік онлайн мектеп арқылы біліп алған. Бірнеше бала өзге облысқа көшіп кеткен.

    2016 жылы қаңтарда білім және ғылым министрлігі бірыңғай мектеп формасы ережесі туралы №26 бұйрықты қабылдады.

    Бұл ереже Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы кейбір мектеп пен ата-аналар арасындағы дау-дамайға себепші болды.

    Қабылданған ережеге сай, мектеп оқушылары пиджак, кеудеше, жейде, шалбар, классикалық жейде (қыс кезінде қалың кеудеше, сарафан) киюі керек. Мектеп формасына қатысты бұл талаптарды меншік нысанына қарамастан елдегі жалпы білім беру мекемелерінің барлығы бірдей орындауға міндетті.

    қатысты посттар

    Қытай билігі Құран мен Інжілді заманауи талапқа сай өзгертіп жазып шықпақ

    Фариза

    Ана құрсағындағы бала үшін де пітір беріле ме?

    Фариза

    Қадір түні оқылатын дұғалар

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 − 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.