Четверг, 22 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Ақжарқын Тұрлыбайдың шешуші соты қашан болатыны белгілі болды

    Қытай түрмесінде жатқан Ақжарқын Тұрлыбайдың шешуші соты 3 қыркүйекте өтеді. Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісіне Айгүл Төребекова жазған. 

    Ол анасының да сотқа барғысы келетінін, алайда қаржы тапшылығынан мүмкіндігі болмай отырғанын жазды. 

    «Айтпағым – алдағы 3-қыркүйек күні қытай мемлекетінде Ақжарқын Тұрлыбайдың шешуші соты болмақ… 

    Бұған дейінгі сотының біріне әрең қатысқан анасы қызының соңғы үкімін өз құлағымен тыңдап, баласын бауырына бір басып, маңдайынан иіскеп қайтуға қол қысқалығынан еш мүмкіндігі болмай тұр… 

    Бұл отбасына еш туыстық, таныстық қатысым жоқ, бірақ қазақтың бір қара қызы үшін, бейбақ Ана үшін бозторғайдай шырылдап, сіздерге үн қаттым. Иманды, мейірімді жандар қарап қалмас деген үміттемін. Түсіністік танытарсыздар деген ойдамын. Баршаңызға алдын-ала мың алғыс. Алланың нұры жаусын!», — деп жазды ол.

    қатысты посттар

    Астанада үшем дүниеге келді

    Шымкенттегі блок-бекеттер қатаң бақылауда

    Фариза

    БҚО-да ер адам 4 жасар өгей ұлын аяқ-қолын байлап, сарайға қамаған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 + 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.