17 C
Алматы
Жексенбі, 5 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық

    “Барып тұрған бассыздық” Дәрігерлердің науқасқа көрсеткен дөрекілігі жұрттың ашуын тудырды (видео)

    Түмендегі тергеушілер қалалық ауруханада дәрігерлердің үстінен тексеріс жүргізді. Осы уақытқа дейін әлеуметтік желі мен БАҚ-та Квинкте дәрігерлердің ісініп келген науқасқа көмектеспей қойғаны туралы ақпарат тараған-ды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stan.kz порталына сілтеме жасап.

    Түмен облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар аталған жағдайға қатысты жіті тексеріс жүретінін мәлімдеді. Сондай-ақ, тексеріс аяқталғаннан кейін медицина қызметкерлеріне қатаң сөгіс жарияланбақ.

    «Бұл барып тұрған бассыздық, мұндайға жол беруге болмайды. Водников ауруханасы федералдық болғанымен, Түмен мен Түмен облысы тұрғындарына да көмек көрсетеді. Аталған медициналық мекемеде бұрын-соңды ереже бұзу болған емес», – деді баспасөз қызметіндегілер.

    Сондай-ақ, кейін науқастың жылдамдатып облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілгені белгілі болды. Сол жерде мамандар оған тиісті медициналық көмек көрсеткен.

    Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда. Науқас тұрғылықты мекенжайы бойынша амбулаторлық ем қабылдауға жіберілді.

    Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін интернетте бірнеше адамның ісініп кеткен бойжеткенді ауруханаға жатқызуды сұрап жатқаны туралы видео тараған-ды. Алайда медицина қызметкерлері жұмыс уақыты бітуге 5 минут қалғанын, ал тамызықты бақылап отыру үшін екі сағат тапжылмай отыру керегін айтып дөрекілік танытқаны туралы видео тараған еді.

    қатысты посттар

    Шымкент: Денсаулық сақтау жүйесін дамыту перспективалары бойынша жиын өтті

    Фариза

    Forbes 2018 жылдағы ең бай әншілердің тізімін жариялады

    Денис

    Жамбылдық дәрігерлер КВИ науқастарына дұрыс тыныс алу жаттығуларын үйретуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.