-13.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Арыс қаласындағы Жамбыл облысына тиесілі 3-сектордағы құрылыс жұмыстарының аяқталуына орай салтанатты шара өтті

    Бүгін Арыс қаласындағы Жамбыл облысына тиесілі 3-сектордағы құрылыс жұмыстарының аяқталуына орай салтанатты шара өтті. Оған жергілікті арыстықтармен бірге жұмыс жүргізген бірқатар құрылысшылар қатысты.
    Жиынды Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмухаметов сөз сөйлеп, ашты. Облыстан арнайы ат басын бұрған бір топ жамбылдықтарды аймақ басшысының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев бастап келді. Еркебұлан Әбілханұлы өзінің алғысөзінде Жамбыл облысы штабының қарқынды жұмысы, арыстықтардың белсенділігі мен ықыласы туралы айрықша айтып өтті.

    Сондай-ақ, қалада орын алған төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға жұмыла атсалысқан көпшілікке алғысын білдіріп, мұндай оқыс оқиға енді елімізде орын алмауын тіледі. Өзге де сөз алған Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы Бағлан Қарашолақов, Арыс қаласының әкімі Мұрат Болатұлы Қадырбек және тағы басқа құрметті қонақтар жамбылдық құрылысшылардың табанды тірлігін, елеулі еңбегін тілге тиек етті.

    Салттанатты жиын «Арысты тербеткен Әулиеата әуендері» атты К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының концерттік бағдарламасына ұласты. Бағдарлама барысында Арысқа арнау айтылып, әсем әндер шырқалып, би биленді. Аянбай тер төккен бір топ штаб жұмысының басы-қасында жүрген азаматтар мен құрылысшылар марапатталды.
    Сондай-ақ, бұл күні жарылыс кезінде қираған 4 үй қайта басынан бой көтеріп, салтанатты түрде пайдалануға берілді. Ол үйлердің екеуі басынан бой көтеріп, екеуі толық жаңғыртылған. Құрылысын жүргізген мердігер компания аталған үй иелеріне өз сый-сияпаттарын жасады.

    Айта кетейік, Арыс қаласындағы Жамбыл облысының штабына қарасты 3-секторға 11 көше бекітілген. Онда 312 жеке тұрғын үйлермен бірге 14 әлеуметтік және коммерциялық нысан бары анықталған болатын. Зерделеуден өткен жеке тұрғын үйдің барлығының ақау актілері толтырылып, сметалау жұмыстары жасалды. Нәтижесінде қираған 4 үйдің екеуі басынан бой көтеріп, екеуі толық жаңғыртылды. Қалған 309 үйге әртүрлі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қалпына келтірілді. Бұл жұмыстарға 4 мердігер компания, 500-ден аса құрылысшы тартылды.Тиісті шығындар республикалық бюджет пен арнайы қорға жинақталған қаржыдан қарастырылды.

    Әулиеаталықтар арыстық ағайындарға бұдан өзге де түрлі қолдаулар көрсеткенін бұдан бұрын да хабарлағанбыз. Атап айтар болсақ, ондағы зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету бойынша «Арыс. Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында Тараз қаласында 4 қабылдау пункті ашылды. Нұр Отан партиясының облыстық және аудандық филиалдарындағы арнайы пункттерде жиналған көмек материалдары, азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі заттар Арысқа жеткізілді. Барлығы 400 тоннадан астам гуманитарлық көмек, азық-түлік, тұрмысқа қажетті бұйымдар жөнелтілген. Ол ғана емес, тұрғындарға медициналық көмек көрсету үшін 2,2 миллион теңгеге қажетті дәрі-дәрмегімен қамтылған арнайы жасақталған 4 реанимобильмен 8 фельдшер Арыс қаласына жіберілді. Сондай-ақ, Арыс қаласының 400-ге жуық баласы Жамбыл облысындағы жазғы сауықтыру Тау самалы, Жұрындысай, Жұлдыз сынды лагерлерінде демалды.

    қатысты посттар

    Шымкентте Түркия Республикасының құрметті консулдығы ашылды

    Фариза

    Семей әкімі ҚР Президенті сайлауында дауыс берді

    Жамбылда құрылысшылар күні аталып өтті

    Пікір қалдыру

    one × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.