-6.1 C
Алматы
Вторник, 26 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Қатын түнде жаман емес, Күндіз жаман» Қазіргінің мақалдары

    Жазушы, публицист, белгілі сықақшы Ермахан Шайхыұлы өзінің Facebook әлеуметтік желідегі парақшасындағы жаңа үлгідегі мақалдарын жариялады. Аталған мақалдарды Qazweek.kz ақпарат агенттігі назарларыңызға ұсынады.

    Мақал – сөздің майонезі

    Байдың шарапаты тиер тар жерде,
    МАИ-дың кесапаты тиер әр жерде. 
    ***
    Мат болған кәрөлден, 
    Шах қойған пешкі артық. 
    ***
    Қатын түнде жаман емес, 
    Күндіз жаман.
    ***
    Ашу – тапанша, 
    Ақыл – доллар.
    ***
    Демеуші болмаған фирмадан, 
    Қаңырап тұрған ферма артық.
    ***
    Ұл өсірме, қыз өсір, 
    Қалыңмалы оның көл-көсір.
    ***
    Атасы бардың жорғасы бар, 
    Әжесі бардың дорбасы бар. 
    Ағасы бардың «Вольвасы» бар, 
    Тоқалы бардың сор басы бар.
    ***
    Әйелімнің кеткеніне емес, 
    Құтылғаныма жылаймын
    ***
    Біреудің байы біреуге,
    Тауар артқан КамАЗ-дай көрінеді.
    Біреудің әйелі біреуге,
    Мерседестей сылаңдайды.
    ***
    Аңдамай сөйлеген косякқа кіреді. 
    ***
    Бастық күлсе, 
    Орынбасары езу тартады.
    ***
    Тоқал алсаң,
    Бәйбішеңнің көзінен жас шығады.
    ***
    Мастың тіліне полиция түсінеді. 
    ***
    Паханын көріп тиіп ал, 
    Маханын сразу тыйып ал.
    ***
    Өз әйелің ұрыспаққа жақсы.
    ***
    Бастық ашуланса,
    Еден жуушының мұрны қанайды.
    ***
    Екі бастықтың құйрығы, 
    Бір креслоға сыймайды
    ***
    Қатын байыса, 
    Байын ұрады
    ***
    Тіл – өсекші, 
    Көз – стукач.
    ***
    Бастықтың «жаманы» жоқ, 
    Дегенмен, жел сөзден аманы жоқ.
    ***
    Шенеунік атақ үшін туады, 
    Билік үшін өледі.
    ***
    Үкіметке халықтан 
    Cалық қымбат.
    ***
    Депутат дауыс жинарда шынығады,
    Мәжіліс отырысында тынығады.
    ***
    Әкімнің иілгені – тынғаны.
    ***
    Депутатты «сайрай бер» деп дауға қой, 
    Министрді «сата бер» деп малға қой, 
    Ал халықты қару беріп жауға қой!
    ***
    Офисте оймен ою оймаса да, 
    Мәжілісте сөзбен сызу сызады.
    ***
    Үш рет депутат болсаң да,
    Халықтың қарызынан құтыла алмайсың.

    қатысты посттар

    Арал теңізінің құрғап қалған бөлігіне екі жылда 5 млн түп сексеуіл егілді

    Фариза

    Әскердегі сарбаздарға ақшалай сыйақы, кредиттік каникул берілу мүмкін

    Фариза

    Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде қамауға алынғандарды іздеуге арналған телефон нөмірі жарияланды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fourteen − 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.