Понедельник, 27 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Тікұшақ пен ұшақ соқтығысып, 7 адам қаза тапты (видео)

    Әуе апатынан жеті адам қаза болды, жолаушылардың арасында екі бала да болған, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputniknews.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

    Испанияның Майорка аралында тікұшақ пен шағын ұшақ соқтығысты.

    «Инка көгінде (Майорка аралындағы муниципалитет) тікұшақ пен аса жеңіл ұшақ соқтығысты. Жеті адам мерт болды», — делінген Балеар аралдары үкіметінің твиттердегі хабарламасында.

    Болжам бойынша, тікұшақ бортында ерлі-зайыпты екі баласымен отырған. Ал ұшақ ішінде тек бір жолаушы болыпты.

    Испания үкіметі төрағасының міндетін атқарушы Педро Санчес қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

    Майорка аралы – Жерорта теңізіндегі танымал демалыс орындарының бірі. Арал теңіз курорттары, әсем табиғаты және көне архитектуралық ескерткіштерімен ерекшеленеді. Туристер аралға демалуға барған кезде, шағын әуе кемелерін жиі пайдаланады.

    қатысты посттар

    АҚШ-та белгісіз адам бір топ адамды қасақана қағып өткен (видео)

    «Көтеріліс арқылы мәселе шешілгенін көрген емеспін…» — белгілі әнші митингіге қатысты өз ойын білдірді

    «Қару ұстап жүргенін көрдім» Алматыда ағайындылардан зардап шеккен жәбірленуші оқиғаның қалай болғанын баяндап берді

    Пікір қалдыру

    thirteen − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.