Понедельник, 27 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Тоқаев: Біз Алтын Орда негізін қалаушы Жошы ханға міндетті түрде құрмет көрсетуіміз керек

    Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орданың 750 жылдығын атап өу туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Тengrinews.kz порталына сілтеме жасап. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлытау — 2019» халықаралық туристік форумында айтты.

    «Ұлытау халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризмнің орталығына айналуы тиіс. Бұл жұмыстарды Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу қарсаңында бастау керек», — деді Мемлекет басшысы «Ұлытау-2019» халықаралық туристік форумында сөйлеген сөзінде.

    Оның айтуынша, Ұлытау — қазақ халқының алтын бесігі.

    «Халық осы қасиетті жерде сайланған хандарды ақ киізге көтерді. Сондықтан біз үшін Ұлытау қазақ жерінің орталығы болып саналады. «Ұлытау» ұлттық қорық-музейі халық игілігіне айналды. Ұлытау ауданының орталығында қазақ хандарының аллеясы ашылды. Сондықтан қазір біз шетелдіктерді халқымыздың баға жетпес бай мұрасымен таныстыруға көмектесетін жаңа жолдар ойлап табуымыз керек», — деп толықтырды Қазақстан Президенті.

    Тоқаев Шыңғысханның тұңғыш ұлы Жошы ханның кесенесі Қазақстан аумағында орналасқанын барлығының біле бермейтінін атап өтті.

    «Біз Алтын Орда негізін қалаушы Жошы ханға міндетті түрде құрмет көрсетуіміз керек. Аса маңызды миссия: бүкіл әлемнің назарын осындай тарихи тұлғаға аудару және оның кесенесін мәдени туризм нысанына айналдыру», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.

    қатысты посттар

    «Жаратқанның ісіне араласу күпірлік болар» Нұрлан Ноғаев қуаңшылық келесі жылы да жалғасуы мүмкін екендігін айтты

    Фариза

    Сағынтаев қар құрсауында қалған қазақстандық альпинистерге байланысты мәлімдеме жасады

    Жәрмеңкенің басты бренді: Сырбойылықтар бас қалада 146 тонна ақталған күрішті саудаға шығарды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 + 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.