-14.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Құран осы шынымен мұсылмандарға түскен бе, бүкіл жауыздық мұсылман елінде болып жатқан сияқты»

    Белгілі блогер Айгүл Орынбек Стамбұл қаласындағы үйсіз-күйсіз қалған баланы көріп, қала халқының бейжайлығына таңқалғанын айтады. Ол бұл туралы өзінің Facebook парақшасында жазады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    «Егер бұл бала біздің елде осылай түнде көшеде жатса, президенттен бастап, полицияға дейін сынайтын едік.
    Стамбұлда бұндай балалар он метр аттасаң көресің.
    Ешкім мән беріп жатқан жоқ, бәрі қасынан өтіп кетіп жатыр. 
    Мен барып баладан жағдайын сұрасам, «үйім жоқ, жаурадым»- деп дірілдейді. Өзге елде де тыныш жүрмеймін ғой, жұрттар сияқты кете берсем болады ғой. Жоқ мен міндетті түрде, » көмек берейік»-деп жан жағыма қарап айқайлауым керек! Жәй көмек сұрасам мақұл ғой, полиция шақырсам, ешкім келмейді. Көргендер күліп кетіп бара жатыр. Мұсылман елі, иманды елден бұндай күтпептім. Еуропа, Америкада көшеде жатқан бала көргенсіздер ме? Әрине жоқ! Олар бала түгілі, жануарлардың құқығын қорғайды. Мұсылман елдеріне қарасам осындай адам құқығы тапталып, қорланып жатқанын көремін де, құран осы төшні мұсылмандарға түскен бе? -деп ойланып қаламын. Себебі бүкіл жауыздық мұсылман елінде болып жатқан сияқты болып көрінеді кейде. Ауғанстан, Ирак, Иран, Сирия оған дәлел.
    Оданда батысқа ұқсағанымыз дұрыс ау! 
    Ұрпағымыз көшеде осылай жатпас үшін», — деп жазды ол.

    Біраз уақыт өткеннен кейін ол бұл жазбаның әдейі экспримент ретінде жазғандығын айтып тағы да жазба қалдырған:

    Кеше Стамбұлдағы босқын бала жайлы пост салдым. Баланың босқын екенін әдейі жазбадым біле тұра. Жәй эксперимент ретінде бұл елдегі адамдарда жүрек жоқ екен дегенге келтірдім. Әдеттегідей біздің жақтағыштар ол бала босқын, Түркия елі 5-6 миллион Сириядан келген босқынды еліне кіргізіп отыр деп, Түркия Президентін жақтап шықты. Түркия Президенті Ердоғанға адами қасиетіне ризамын негізінде !
    Осыдан екі күн бұрын, Елбасының тапсырмасымен «Жусан» операциясымен келген өз қандастарымыздың балалары жайлы мәселе көтердім естеріңізде болса? 
    Балардың сабағы, қоғамға қосылуға дайын ба? деген сияқты! Көбісі қарсы болды қоғамға қосылуына! Сонда Стамбұлдағы балаға жанымыз ашып, өзге елді сынаймыз, ал өзіміз ше? Біз неге қабылдай алмаймыз өз қандастарымызды? Қәзір қабылданбай қоғамнан шеттетілген балалар өсіп, жетілгенде ашу, ыза кекпен өсуі әбден мүмкін! Ертең өзіміз қылмыскерді қолдан дайындауымыз әбден мүмкін! Сол себепті өзге елдің босқын баласына жандарыңыз ашымай ақ қойсын, өз еліміздегі балаларды қатырып алайық! Бізде босқын балалардан бұрын, елімізге алып келген өз қазақ қандастарымызды қабылдай алмай отырмыз!
    Іштарлық, надандық санамызды жаулап алған! Тарихты қазбалап неғылам, бергісі 41 жылғы соғыста, ата бабамыз өзге ұлттардың барлығына есігін құшақ жая ашып, қарсы алып отырған. Ал біздің пейіліміз тарылып, көмек бере алмасақта жылы сөз айтудан қалып барамыз!

    Тағы бір айта кететін жайт, жәй ғана пікір алмасу мәдениетін білмейміз! Адамның жеке басына өтіп кетеміз! Сана трансформациясы бізге керек! Әркім өзінің санасын, жүрегін тазаласын!
    Балаларды тәрбиелеу өз қолымызда. Уақыт өткізіп алмайық. Өзгенің баласын өз балаңдай көріп, уақытында көмек қолымызды соза білейік.

    қатысты посттар

    Елордалық жас сарбаздар Шекара қызметіне мерзімді қызмет атқаруға аттануда

    Қызылордада жылу маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде

    Фариза

    Назарбаев: Мысалы менің үш қызым бар, неге Қазақстанды әйел басқара алмайды? (видео)

    Пікір қалдыру

    nine + 16 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.