-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Балалар мені «тесіліп қалғансың» деп мазақтайды…» — 14 жастағы баланы жоғарғы сынып оқушылары ұзақ уақыт бойы зорлаған

    Оқиғаға қатысты сот болған, бірақ судья бала жалған сөйледі деп, бұзақыларды босатып жіберіпті

    Олар 1,5 жылдан бері интернатта оқып жүрген жасөспірімге қорлық көрсетіпті. Салдарынан жасөспірімнің психикасы бұзылып, дәретке отыруы да қиындаған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

    Жантүршігерлік оқиғаға қатысты сот болып, үкім шыққан. Бірақ судья бала жалған сөйледі деп, бұзақыларды босатып жіберіпті. Әділеттен күдер үзген жасөспірімнің анасы енді ұлын Алматыда оқытуға бекініп отыр.  

    Алтынгүл Арапова – Алматыға сонау Сарыағаш ауданынан әділдік іздеп келген шарасыз ана. Келіншек алып шаһардан 14 жасар ұлына көмектесетін мықты психолог пен жан жарасын ұмыттырар жақсы мектеп іздейді. Өйткені ортаншы ұлы көрші ауылдағы қорлық көрген интернатына ендігәрі аяқ баспаймын деп кесіп айтқан. Оның айтуынша, баласын 1,5 жылдан бері жоғарғы сыныптың екі оқушысы зорлап келген. Бұзақылар баланың аузына мақта тығып, қол-аяғын байлап, ойларына келгенін істепті. Тіс жармауы үшін қоқан-лоқы көрсетіп, әбден үркітіп тастаған. Сұмдық жайтты анасы тек былтыр күзде естіген, әйтсе де оған дейін бұл жайды бүкіл мектеп естісе керек.  

    «Содан бері балам мектепке барған жоқ. «Бармаймын ол мектепке, оқымаймын, балалар мені мазақтайды, барлығы тесіліп қалғасың» деп айтады деп, бармай қойды. Жоғарғы сыныпта оқитын балалар оны 1,5 жыл бойы зорлап келген. Бұл нәрсе неше рет қайталанды, үлкен дәретін жіберіп қоя беретін болды сөйтіп», – деді анасы Алтынгүл АРАПОВА.

    Анасы ұлына жасалған қорлықты естіген бойда, интернат ұжымы оған 3 млн теңге ұсынып жақ аштырмаудың амалын жасапты. Бірақ келіншек бұған көнбей, құзырлы орындарға арыз жазған. Іс сотқа жолданып, жәбірленушіні қорғауды танымал адвокат Айман Омарова өз мойнына алыпты. Алайда сот жасөспірімге зәбір көрсеткен бұзақы оқушыларды кінәсіз деп тауып босатып жіберіпті. Ал әділдік іздеген ұлдың өзі ақыр соңында кінәлі болып қалды.

    «Бұл істе прокурор тыңғылықты зерттеу жүргізіп, тағы да басқа зорланған балалардың бар екенін анықтады. Ал судья Темірәлиев оны мүлдем назарына алмады. Барлық дәлелдерді елемей, керісінше «бала жалған сөйледі» деген шешім шығарған. Қорлық көрсеткен екі жеткіншек солай ақталып шықты. Үкім әділетсіз», – дейді адвокат Айман ОМАРОВА.

    Елімізде зорлық-зомбылық жасау дерегі бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр екен. Алайда жасалған қылмыстардың басым бөлігіне үкім әділетсіз шығып, көп жағдайда зорлық құрбандардары қорғалмайды дейді заңгерлер. Сондықтан бүгін белсенді адвокаттар зорлық-зомбылыққа байланысты Президентке үндеу жасады. Олар мұндай қылмыс жасағандарға жазаны қатаңдату мәселесі түбегейлі шешпейтіні айтып, арнайы департамент құруды ұсынды. Әрі осындай қылмыстық істермен айналысып жүрген тәжірибелі қорғаушылардан комиссия түзу қажеттігін жеткізді.

    «Біріншіден, осындай жағдайлармен жұмыс істейтін арнайы департамент ашу керек. Бұл жерде жыныстық дербес құқықтылық деген бар тағы да, сондай болу керек. Нақты әйелдердің зорлануы, кішкентай қыздың зорлануы бөлек те, мүгедек қыздар бар, мүгедек балалар, ер адамды зорлаған мүлдем басқа болады. Бұл мәселеде арнайы мамандар керек. Оған қазіргі психологтардың дәрежесі жетпейді. Бізде бірінші проблема ол — сараптама. Олар әділін айтып, нақты болғанды болды демейді, шындықты бұрмалайды. Міне, сол үшін арнайы департамент құру керек», – деді адвокат Айман ОМАРОВА.

    «Жасөспірімдерді қорғауда бізде үлкен проблема бар – сот сараптамасын кеш тағайындайды, сұрақ-жауап жүреді, сосын дер кезінде жинайтын дәлелдемелерді кешіктіреді. Полиция ол жаңағы қылмысы дәлелденбесе айып тағу мүмкін емес деп жатады. Ал прокуратура істі уақтылы қадағаламайды», – дейді заңгер Кәмиша ЕСМҰХАМБЕТҚЫЗЫ.

    Сондай-ақ, заңгерлер жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін балаларға қауіпсіздік ережелерін үйретуді ұсынды. Әрі жасөспірімдердің жыныстық тәрбиесімен ерте бастан айналысып, барлық балалардың тегін үйірмелер мен спорт секцияларына қатысуына мүмкіндік жасау қажет деді.

    қатысты посттар

    БҚО-да 19 жастағы қыз жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған

    Фариза

    Алматыда ауруханада бес ай тұрған баланың әкесі табылды

    Фариза

    Коронавирус табылған кемеде қалған екі қазақстандық карантиннен шықты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.