12 C
Алматы
Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Саясат

    Экс-президенттің қызының адам шошырлық қылмыстары әшкере болды

    Каримоваға мемлекет қаржысын жымқырды және аса ірі көлемде өзгенің мүлкін бопсалау жолымен тартып алды деген айып тағылып отыр. Бұл жайында Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputniknews.kz сайтының дерегіне сүйеніп хабарлайды.

    Өзбекстанның бас прокуратурасы бірінші президенттің қызы Гүлнәр Каримоваға қатысты жаңа қылмыстық істер қозғады.

    Өзбекстанның Бас прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Каримоваға “мемлекет қаржысын жымқырды және республика мүддесіне қайшы келісімдер рәсімдеді” деген айып тағылып отыр.

    Бұдан бөлек, аса ірі көлемде басқа біреудің мүлкін күшпен тартып алғаны үшін жауапқа тартылмақшы. Қылмыстық істер White and Case халықаралық заңгерлік компаниясынан түскен ақпарат пен азаматтардың арыз-шағымдары негізінде қозғалды.

    “Каримова басқа адамдармен келісе отырып, мемлекетке тиесілі “Кувасайцемент” мен “Бекабадцемент” компанияларының акцияларын арзан бағамен сатып алған. Одан кейін сол акцияларды шетелдік бизнесмендерге сатып жіберді. Артынан оларға қолдау жасап отырды. Осылайша, ол Өзбекстанның мүддесіне аса ірі көлемде зиян келтірді”, – делінген ресми хабарламада. 

    Бұдан бөлек, Каримова кәсіпкерлер мен азаматтарды қорқыту арқылы мүлікті өз компаниясына тапсыруға міндеттеген.

    қатысты посттар

    Халықтың шынайы үрейі коронавирус па? Қатаң санитарлық ережемен неге “Нұр Отанның” отырысы қатар келді?

    Фариза

    “Денесі ашық қалған…” шенеуніктің интим суреттері желіде таралды

    Маска жоқ деген халыққа Біртановтың бар айтқан сылтауы: “Сау адамға қажет емес” (видео)

    Пікір қалдыру

    8 + eight =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.