15 C
Алматы
Жексенбі, 19 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Ер адам өз презенттерін соққыға жығып, оларды жыныстық қатынасқа итермелеген

    Былтыр туған әкесін өлтіріп, калың көпшілікті дүр сілкіндірге әпкелі-сіңлілі Хачатуряндарға қатысты қозғалған істің тергеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Бір жылдан астам уақытқа созылған тергеу мәліметтеріне сәйкес, айыпталып жатқан үш қыз іс бойынша оқиғаның құрбандары болып танылды деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR порталына сілтеме жасап.

    21 тамыз күні шулы іс бойынша күдікті ретінде ұсталған әпкелі-сіңлілердің кінәсіз болып шығуы мүмкін екенін анықталды.

    Бойжеткендер әкесінің көрсеткен қорлығына шыдай алмай, оны өлтіруге мәжбүр болғандарын айтты.

    Тергеу барысында 57 жаста болған марқұм Михаил Хачатурян жүйке жүйесінің ауруына шалдыққаны анықталып, оның қыздары үшін аса қауіпті адам болғаны дәлелденді.

    Ол өз презенттерін соққыға жығып қана қоймай, оларды жыныстық қатынасқа итермелегені расталды.

    Күні кеше Кристина, Ангелина мен Марияның қорғаушылары Тергеу комитетінің қаулысын алды. Онда үш қыздың да сексуалдық қорлықтың құрбаны болғаны жазылған.

    Енді күдікті арулардың адвокаттары адам өліміне алып келген әрекеттерді өзін-өзі қорғау болғанын дәлелдеп көрмек.

    Егер бұл жағдай қолдарынан келсе, Хачатурян әпкелі-сіңілілер іс бойынша кінәсәз болып танылмақ.

    қатысты посттар

    Халал мен харамды ажырата білесіз бе?

    Фариза

    Шымкенттік “Вal-tekstil” кілем фабрикасы мақтааралға жалпы құны 6 млн теңгелік кілем жіберді

    Фариза

    Қарулы Күштерде алғашқы ПТР-зертханасы іске қосылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.