-5.1 C
Алматы
Четверг, 14 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Жамбыл облысында ауыл имамы құрдасын пышақтап өлтіріп, артынан өзі асылып қалды

    Жамбыл облысында ауыл имамы құрдасын пышақтап өлтіріп, артынан өзі асылып қалды. Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Жамбылда сұмдық жағдай! Бесағаш ауылының имамы құрдасын пышақтап өлтіріп, артынан өзі асылып қалды. Алайда тақуа кісінің, тай-құлындай бірге өскен замандасын не себепті ажал құштырғаны әзірге айтылмай отыр.

    Дәулетжан Бектембаев, Жамбыл аудандық ПБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары:

    — 51 жастағы азамат ас бөлмесіндегі пышағын алып шығып, көршісіне пышақ салып, соңғысы оқиға орнында қаза болған. 51 жастағы азамат көршісінің қаза болғанына көзі жетіп, ауланың аяқ жағына барып, жіпке асылып өлген.

    Қайғылы оқиға 51 жастағы азаматтың қорасында болған. Имам оның жүрек тұсына пышақ сұғыпты. Замандасы сол жерде есін жимастан көз жұмған. Екі марқұм бір-бірімен түйдей құрдас. Қансырап өлген кісі бойдақ, ал асылып қалған молданың үш баласы мен жары бар. Ел ішінде кішкентайынан бірге өскен достар арасындағы дауға әйел себеп болуы мүмкін деген қауесет тарап жатыр. Жел сөзге сенсек, 15 жылдық тәжрибесі бар имам жұбайын құрдасынан қызғанған деседі. Бірақ бұл қаңқу сөзді әзірге құзырлы орын растаған жоқ. Қазір бұл жантүршігерлік дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал ауыл адамдары қолын қанға бояп, артынан өзін өлтірген дін жолындағы азаматтың қызу қанды болғанын жасырмады.

    Сағидолла Сатыбалдиев, Бесағаш ауылының тұрғыны:

    — Келіспеушілік екеуінің арасында болып отыр ғой. Мына жақтағы Қанат деген жігіт бойдақ, мынау үйленген, үш баласы бар. Айтып отырмын ғой, ол ызақор. Арасына біреулер кірді ме, әйтеуір, сондай болыпты. Оның нақтысын білмейміз енді.

    қатысты посттар

    Қызылорда: Арал ауданының ауылдарында ұялы байланыс жүйесі іске қосылды

    Фариза

    Қызылордада 1565 кәсіпкер InfoKazakhstan.kz платформасы арқылы кәсібін бастады

    Фариза

    Қазақстанда Абай, Ұлытау және Жетісу атты жаңа үш облыс құрылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nineteen + 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.