20 C
Алматы
Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    “Алас, алас” жаңа отау құрған жастарды дастарханның астына алып, үстінен шикі ет айналдырғандар елді шошытты (видео)

    Елімізде жоқ салтты жасы 50-ді еңсерген әйел адамның жасап жатқанын көруге болады.
    Әлеуметтік желіде жаңа отау құрған жастарды дастарханның астына алып, үстінен шикі ет айналдырғандар елді шошытты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпараттық агенттігі jazqazaq.kz порталына сілтеме жасап.

    Жұртты шулатқан видео Instagram-дағы @kaz_stars парақшасында жарияланған.  Елімізде жоқ салтты жасы 50-ді еңсерген әйел адамның жасап жатқанын көруге болады. «Алас, алас, пәле-жаладан алас» деген сөзді де естуге болады.

    Жұрттың үрейін тудырған бұл видеоға пікір қалдырушылар саны азаяр емес. Бұны көпшілігі оңтүстіктің тумалары ойдан шығарған деп топшылауда. «Оңтүстікте ондай салт жоқ, бәрін бізге тыға бермеңдер», «Өкпемен қағу деген үйленген кезде жасалатын дəстүр емес,адам қатты сырқаттанғанда,білетін тəуіп,молдалар ауру адамды өкпемен қағып аластайды», «Қазақта мұндай салт жоқ, ойларына келгенді істемеңдер», «қазақтар емес-ау», «қуды мыналарың», — деп шуласты желі қолданушылар.

    https://www.instagram.com/p/B1LjN8cAbDf/?utm_source=ig_web_copy_link

    қатысты посттар

    МӘМС қызылордалықтарға 4 млрд. теңгеден астам қаражат бөлді

    Фариза

    Қызылордада биыл 448 шақырым автомобиль жолдары жөндеуден өтеді

    Фариза

    Қазақстанда әскери қызметкерлердің зейнет жасы ұлғайтылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven + nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.